Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сарын” тобы «Жаңа толқын» байқауында Доминик Джокермен ән айтты (видео)

Қазақстанның атынан халықаралық «Жаңа толқынға» аттанған «Сарын» тобы байқаудың екінші күні ресейлік орындаушы Доминик Джокермен қосылып ән салды.

14280369_175847526176319_1681316749_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, «Сарын» тобы 1-ші күннің нәтижесі бойынша 9-шы орынға тұрақтаған еді. Байқаудың екінші күні Доминик Джокермен бірге «Просто любить тебя» әнін орындаған дуэт екі күн ішінде 261 ұпайға ие болып, 15-шы орынды місе тұтты. Өкінішке қарай, биыл ел намысын қорғап жатқан әншілер фавориттер қатарына іліге алмай тұр.

Байқау шарты бойынша, екінші күні қатысушылар композитор әрі продюсер Виктор Дробыштың туындыларын орындауы қажет болған.

Үшінші күні «Сарын» өздерінің репертуарындағы әндерін орындайды.

Айта кетейік, екінші күні Сочи сахнасында қазақстандық әнші Ademi өнер көрсетті.

14269133_1226635844065249_1760841547_n

Ademi «Жаңа толқын-2015» байқауында екінші орынға қол жеткізіп, ел мерейін үстем еткен еді. Ринат Гайсиннің шәкірті кеше итальяндық Уолтер Риччимен Messages of love әнін орындады. Итальяндық әнші әзірге екінші орында тұрақтап тұр. Бірінші орын еш өзгеріссіз украин қызы Галина Безруктың еншісінде.

Жіберіп алмаңыз: 

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (Видео)

Әнші Әдемі адал махаббатты аңсап жүр (видео)

Қазақстандық әнші Ademi мен Сосо Павлиашвили әнін барлық ғашықтарға арнады

 

 

Талқылау