Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Сарын» тобы “Жаңа толқын” байқауына аттанды

Биыл халықаралық «Новая волна» байқауында Қазақстанның намысын «Сарын» тобы қорғайды. Байқау 3-9 қыркүйек аралығында Сочиде өтеді.

Screenshot_2
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ринго» тобының солисі Данияр Өтеген «анасы» Алуа Қонарованың жолын қуып, продюсерлікпен айналыса бастаған еді. Оның алғашқы жобасы – «Сарын» дуэті.

Топ мүшелері Алтынай Түлімбетова мен Берік Бердекеев жуырда продюсерлерімен бірге Сочиге аттанды. Қазір олар отандастарының қолдауын күтуде.

Айта кетейік, «Жаңа толқын» байқауында былтыр ел намысын әнші Ademi мен The Voice тобы қорғаған еді. Ademi-ге дейін ең үздік нәтиже төртінші орыннан көрінген әнші Қайрат Түнтековке бұйырған болатын. Ал Ademi екінші орынды иеленіп, тұңғыш рет аталған байқауда Қазақстанды үздік үштікке енгізсе, екінші қатысушылар алтыншы орынды місе тұтқан еді.


 Жіберіп алмаңыз: 

Еуровидение-2016 жеңімпаздары белгілі болды

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (Видео)

Талқылау