Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде тұман түседі

3 желтоқсан күні республиканың барлық аймақтары антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыс және оңтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

тұман

Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с болады. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Талқылау