Саратов облысында ата-аналары 33 жастағы қызын сарайға жерлеген

Жұма, 15 Сәуір , 2016 12:03

13 сәуірде Саратов облысы Ершов ауданы Прудовой кентінде жас әйелдің мүрдесі табылды.

сарай

Бұл туралы Қазақпарат жазған.

Тергеу деректеріне сәйкес 33 жастағы жергілікті тұрғын 9 наурызда қайтыс болған. Оны ата-аналары үй ауласында орналасқан сарайға  шағын шұңқырға жерлеген. Бұл ретте олар шұңқырды шүберек, матраспен қымтап, үстін топырақпен  жапқан.

Мүрдені көршілерінің сарайына  бас сұққан сол ауылдың тұрғыны көріп қалған. Жерленген әйелді көмген шұңқыр терең болмаған, ер адам бірден полицияға хабарласады.

Үй иесінен сұрақ-жауап алу барысында ол әрекетін қызын жерлеуге ақшасы болмағандығын желеу етіп, ақталды. Көршілерінің айтуынша, ата-аналары  ішімдікке үйір болған, еш жерде жұмыс істемеген.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар