Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылардың пікірі: Теңгенің болашағы қандай

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АҚШ-тың  бірнеше ресейлік кәсіпкерлерге және олардың компанияларына қарсы жаңа санкциясының аясында теңгенің жағдайын түсіндірді.

Сарапшылардың пікірі: Теңгенің болашағы қандай

«Санкциялар туралы хабарлағаннан кейін бірінші нарық күні «РУСАЛ» өз акцияларын айтарлықтай төмендетті. Сондықтан біз ресей рублінің елеулі түзетулерін көріп отырмыз. Бірақ біздің экономикамызға келетін әсерін бағалау үшін екі күн ішінде оқиғалардың қалай дамитынына назар аударуымыз керек», – деді министр.

Сүлейменов сондай-ақ, Ресейдегі ахуалды бақылауға кеңес берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Егер рубль төмендеп, бұл жүйелік сипатқа ие болса онда біз белгілі бір нәтиже сезінетін боламыз. Сонымен қатар, біз Ұлттық Банкпен бірге біршама жұмыс істеуіміз керек», – деп мәлімдеді Экономика министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, 6 сәуірде АҚШ 17 ірі ресейлік шенеуніктерге, сондай-ақ олар бақылайтын жеті кәсіпкер мен компанияға қарсы санкциялар қолданған болатын.

«Дүйсенбі күнгі нарық нәтижесі бойынша, доллар-рубль 2017 жылдың қараша айынан бастап алғаш рет бір доллар 0,65 рубльге дейін көтерілді», – деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Сонымен қатар, сейсенбі күні таңертең Қазақстанның қор биржасында (KASE)  доллардың сатылымы екі есеге өскен. Бұл жағдай әрине, доллардың бағасын көтерді.

«Бүгінгі таңертеңгі сатылым сессиясының қорытындысы бойынша, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 4,51 теңгеге (+ 1,4%) арзандады, бұл бір доллар үшін 324,62 теңге. Сонымен бірге ресей рублін АҚШ долларына қатысты санксиясының аясында Ресей рублі 15 тиыннан 5,37 теңгеге дейін нығайтылды, – деп түсіндірді AFS аналитикалық орталығының сарапшысы Мерей Исабеков.

Доллардың сатылым көлемі 245,3 миллион  долларға ұлғайып, 331,2 млн. теңгені құрады. Бұл орташа күндік көлемнен екі есе жоғары.

Сарапшының айтуынша, бүгінгі күні теңгенің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі АҚШ –тың ресейліктерге қарсы жаңа санкцияларын енгізу болды. Бірақ, бұл санкция қаржы нарығында дүрбелең ойнатты.

«Нарықтың  құбылмалылығы белгілі бір эмоционалдық құрамдас болған, бұл апта соңында құлдырауы мүмкін. Ағымдағы сатылымда теңгенің долларға қатысты жағымсыз динамикасы айтарлықтай баяулады. Бұл санкцияның Қазақстанға тікелей қатысы жоқ екені анық. Алайда біздің экономикамыз Ресеймен тығыз байланысты. Таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша,  доллар / рубль мен рубль / теңге төрелігі өз нәтижесін көрсетті. Ресей рублінің одан әрі әлсіреуі болмаса, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы ағымдағы деңгейде тұрақтайтынын күтуге болады»,- деді Исабеков.

Валюта нарығындағы жағдайды Қазақстан Республикасы да зардап шекті. Сейсенбіде, Тимур Сүлейменовтың айтуынша, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен экономикалық саясат жөніндегі кеңес өткізіледі, онда басқа мәселелермен қатар теңгенің болашағы қысқа мерзімде қарастырылатын болады.

Оқи отырыңыз:

Теңге курсы не себепті күрт төмендеп кетті?

Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Достық плаза мен Глобус: Алматыдағы қауіпті сауда орталықтары белгілі болды

Ет жеуден қалдық: Сарапшы ет бағасының өсуін түсіндірді

Талқылау