Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар үнемі кешігіп жүретін әлем әуе компанияларының тізімін жасады

Израильдық ең ірі El Al әуе тасмалдаушысы үнемі уақытынан кешігіп қызмет көрсететін компания ретінде тізімде бірінші орынға шыққан.

кешіккіш

Сурет jta.org сайтынан алынды.

Бұл туралы lenta.ru сайты жазды.

Бұл компанияға тиесілі ұшақтар сәуір айындағы рестердің 40 пайыздан азын өз уақытында межелі жерге жеткізген. Бағыттардың 62 пайыздан астамы кем дегенде 15 минутқа кешігіп жеткен.

Екінші орында оңтүстік кореялық Asiana Airlines әуе компаниясы болған. Осы компанияға тиесілі ұшақтардың 60 пайызы ғана межелі жерге өқз уақытында жетіп отырған. Тура осындай көрсеткішті сәуір айында пәкістандық Pakistan International Airlines компаниясы көрсеткен.

Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компаниялар

Межелі жерге өз уақытында жететін ең жауапты компания ретінде сәуір айында нидерландық KLM әуе тасмалдаушы компаниясы атанған. Алғашқы үштікке бразилиялық TAM Airlines және Норвегиялық Norwegian Air Shuttle компаниясы кірген. Екі іуе компанияға тиесілі ұшақтар жоспардың 91 пайызын өз уақытында орындап отырған.

Наурыз айында уақтылы қызмет көрсететін әуе компанияларының көшін ресейлік «Аэрофлот» бастаған еді. Екінші орынды грециялық Olympic Air алса, үшінші орында нидерландық KLM Cityhopper иеленген еді. Бұған дейін ең уақтылы қызмет ететін әуе компаниясы ретінде бірнеше рет S7 болған еді.

Талқылау