Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар жағармай бағасы 220 теңгеге көтеріледі деп отыр

Эконамист Денис Кривошеев  бензин бағасы  220-230 теңге болады деп болжайды. Және ол қымбатшылық ел экономикасына жағымды өзгерістер әкелетінңне сенімді. Бұл туралы КТК арнасына  сілтеме жасап STAN.KZ хабарлайды.

Бұған дейін бензинге акциздер 2015 жылдың 25 қарашасынан бастап Қазақстанда екі есеге артатыны хабарланған болатын.

«Бензин құны әлі күнге толықтай еркіне жіберілмеген. Жанармайдың нақты бағасы әлдеқайда жоғары… Мен бұған дейін баға литріне 140 теңге болып көтерілетінін болжаған болатынмын. Солай болды да. Алайда одан кейін халықтың дүрлігуінен қорқып, бағаны күрт түсірді. Мұнай бағасын ескеретін болсақ, бензиннің 160-170 теңге тұруы – қалыпты жағдай. Мұның өзінде Ресей бензин бағасын көтермеген жағдайда. Ресейде бензиннің литріне 34 рубль алады. Алайда бағам өзгеруімен қоса, бензин де литріне 45 рубль болып көтерілетіні айтылды. Егер Ресей көтерсе, бізде литріне 220-230 теңге болады деп ойлаймын”, – дейді экономист  Кривошеев.

Der Biodiesel-Stabilisator Baynox des Spezialchemie-Konzerns LANXESS hat von der deutschen Mineralölindustrie den „no harm“ Status erhalten und kann so uneingeschränkt zur Verbesserung der Haltbarkeit von reinem Biodiesel und der Beimischung (B 5) zu Mineraldiesel eingesetzt werden. Leverkusen, November 2007 (2007-0293) Foto: LANXESS AG -------- The biodiesel stabilizer Baynox from the specialty chemicals group LANXESS has been awarded “no harm” status by the German mineral oil industry, so he can be used unrestricted to enhance the shelf life of pure biodiesel and the biodiesel that is added (B5) to mineral diesel. Leverkusen, November 2007 (2007-0293e) Photo: LANXESS AG

Маманның ойынша, Ресей бензинді 40 рубльге көтерсе, Қазақстанда 180-185 теңге болады. Ал егер 50 рубль болса, біздің ел литріне 220 теңге ететін болады.

Сарапшы бензин қымбаттаса оң нәтижелер беретінін алға тартты.

“Бензин бағасы адамдардың көлікпен жүру-жүрмеуіне қатысты таңдауына әсер етеді. Алайда халық көп ұзамай өз таңдауын жасап, әлдеқайда экологиялық жанармай түрі – газға көшетін болады. Алматының жағдайын ескерсек, бұл жаман қадам болмайды. Ауаны ластауды доғару керек. Көп жағармай құртатын көліктер тиімсіз болып қалады… Не қымбаттайтыны маңызды емес. Маңыздысы – әр нәрсе өз құнын табады. Ал тұрғындардың табысы өз орнында қалады. Сәйкесінше, тауар құны мен тауар құндылығының арақатынасы ауысатын болады. Бұл өте жақсы”, – дейді Кривошеев.

Талқылау