Сарапшылар: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рейтингті сақтап қалуы – қуанарлық жағдай

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 12:02

Бірер күн бұрын Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Baa3» деңгейіндегі ұзақ мерзімді несие рейтингін растап бекітті. Экономистердің сөзінше нарықтық корреляция кезінде рейтингті ұстап тұра алу қуантарлық жағдай. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

tyrgyn-ui

«Компания рейтингі елдің тәуелсіз рейтінгінен жоғары болмауы тиіс. Менің білуімше, Қазақстанның рейтингі экономикалық жағдайлар бойынша артқан жоқ», – дейді экономист Жасар Ахметов. «Рейтингтің сақталуы активтер сапасы, қаржылық көрсеткіштер жиынтығы рейтинг агенттігін қанағаттандырады деген сөз. Банктың қатардағы клиенті үшін тұрақты рейтинг – бұл төменгі мөлшерлемемен несие алу және депозиттегі қаржы қорын сақтау».

Сарапшы Айдархан Құсайынов Moody’s банк рейтингін растаса, онда алаңдайтын дәнеңе жоқ, бұл банк жағдайының төмендегенін білдірмейді дейді.

«Қаржылық еркіндік» қамқоршылың кеңесінің басшысы Бота Жұманованың сөзінше бұл үлескерлер мен нарық үшін өте қуанышты жаңалық. Теңге-доллар бағамы бойынша курстық ауытқушылыққа қарамастан үлескерлер тұрақты түрде депозит ашып және оны толтырып белсенді әрекет етуде.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй сатып алу теңге арқылы жүзеге асуда және теңгеге шаққандағы шаршы метр құнының тиянақтылығын тұспалдап тұр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі орташа мөлшерде қазақстандықтар үшін пәтер сатып алуға деген үлкен мүмкіндіктер ашып отыр», – дейді Бота Жұманова.

Соңғы 9 айдағы қорытынды бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ел бойынша 64 пайыз ипотекалық қарыз берген. Ал тұтынушылар да өз кезегінде қарызды кешіктірмей төлеп жатыр. Бұл қарыз өтеушілер жақсы деңгейде төлем жасап жатыр дегенді аңғартады.

Қазір банкте 730 мың депозит жұмыс істеп тұр. Олардағы қаржы қоры шамамен 360 миллиард теңге. Тек осы жылдың 9 айының сөзінде банк жүйесіне жаңадан 187 мың жаңа қатысушылар енген.

Оқи отырыңыз:

Астанадағы кептеліс. Қала әкімі кептеліс үшін премьер-министрден сөз естіді 

Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Тележүргізушілер айқасы: Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар