Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтты

Әлемдік мұнай нарығындағы құбылмалы баға теңгені тұрақтандыра алмайды. Қара алтын құнының соңғы екі жылдан бері бірінші рет көтерілуін отандық сарапшылар осылай бағалады.

x46678d20151218112616

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Айтуларынша, мұнай бағасы алдағы уақытта да арзандап, теңге тағы құлдырай түсуі мүмкін. Дегенмен бүгін қара алтын құны 2-3 долларға болса да көтерілді. Бұған бірінші кезекте, Иран мен араб елдері арасындағы дипломатиялық теке-тірес себеп.

Мұнай бағасының аяқасты көтерілуі Иран мен араб елдері арасындағы кикілжіңнен пайда болғанын әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Яғни Сауд Арабиясы исламның шииттік бағытын ұстанатын 47 адамды лаңкестік ұйымдарға қатысы бар деп өлім жазасына кескен. Бұған қырын қараған Иран араб еліне қатаң үн қатты. Ал оның арты Теһранның Эр-Риядпен ғана емес, бірнеше араб елдерімен арада дипломатиялық қатынастардың үзілуіне дейін барды. Бірақ бұл теке-тірес салдарынан көтерілген қара алтын құны ұзаққа бармайды деген пікірде біздің сарапшылар.

«Ол тек әлемдік мұнай бағасына әсер етуге қажетті себеп болды. Ал, негізі,Сауд Арабиясы үшін қара алтынның арзандай бергені тиімді. Олар сөйтіп, барлық бәсекелестерін нарықтан ысырып шығарғаннан кейін, мұнай бағасын толығымен өз қолдарына алмақшы»,-дейді Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов

Мұндайда теңгенің тағдыры қалай болмақ деген сауал туары анық. Бірақ мамандар бұл тұрғыда қуантарлықтай божам айта алмады.

«Жаһандық экономика қиын-қыстау кезеңде тұрғандықтан, меніңше, мұнай бағасының төмендеуі жалғасады. Ал оның бізге тікелей әсері болғандықтан, төл теңгеміздің әлсірей түсетіні сөзсіз»,-дейді Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов

Дегенмен, сарапшы отандастырымызды сабырға шақырып отыр. Айтуынша, Ұлттық банктің жағдайды ушықтырмауға қауқары жетеді. Тамыз айындағы интервенциялар текке жұмсалған жоқ. Оның үстіне жаңа жылдың алдында теңге құнының біраз көтерілуі де тегін емес екен.

Талқылау