Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар Мәжіліс сайлауынан кейін доллар қымбаттамайды деп болжам жасады

Сарапшылар Парламент сайлауынан кейінгі теңгенің тағдырына болжам жасады. Экономистердің айтуынша, күн сайын түсіп жатқан доллар саяси додадан кейін қайта көтерілмейді. Сондықтан, мамандар тұрғындарға жиған қаржысын банктерде теңгемен сақтауға кеңес береді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

utrennyaya-sessiya-pochti-bez-izmeneniy_2

Сурет kazfin.kz

АҚШ ақшасының бүгінгі бағамы 348 теңге болды. Яғни ұлттық валюта нығайып келеді. Теңгенің құны наурыздың екінші жартысында тағы да көтерілуі мүмкін. Кейбір сарапшылар мұнай бағасы мен Ресей рублінің сан құбылуына қарамастан, доллардың арзандауына Ұлттық банк тікелей әсер етуде деп болжайды.

Теңгенің аяқ асты нығаюын Парламент сайлауы алдындағы уақытша науқанға балап жатқандар да бар. Алайда Ұлттық банк басшылары төл ақшамыздың дұрыс нәтижеге жетуінің саяси додаға еш қатысы жоқ деп отыр. Бірақ, банкирлер шетелдік валюта бағамының бірден көтеріліп кетпеуі үшін алдын-ала шара қолданылатынын жасырмайды. Яғни, Ұлттық банк нарықтағы артық теңгені жаппай жинап алып отыр. Сондықтан нарықта АҚШ ақшасын сатып алатын теңге азайған.

“Ұлттық банк біздің теңгеміздің бағамын реттейді. Оның басқа да жолдары бар. Мәселен, ашық операцияларға шығу дейді. Яғни, қағаз шығарып, біздің нарығымызда теңге көп болып бара жатса, сол теңгені алады да, Ұлттық банк жинап алады. Сонда теңгеге сұраныс көбейеді де, доллардың бағамы сәл қазіргідей төменге түсіп, теңгеміз қаттырақ, күштірек болуы мүмкін”, – дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Талқылау