Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Баспана салушылардың көпшілігі халықтың ақшасын заңсыз алады

Ірі қалаларда, әсіресе, Астана мен Алматыда әлі де салынбаған үйді сататындар көп. Оның тек фундаменті ғана төселген. Бірақ адамдар оны жаппай сатып алып жатыр. Тіпті оның қаншалықты заңды екенін, әлдебір жағдай болып қалса, ақшаны қайтара алам ба деп ойланып жатпайды.

Тұрғын үй құрылысы тақырыбын жан-жақты зерттеу үшін сарапшылардің пікірін алып, жылжымайтын мүлік нарығының өзекті мәселелерін қарастырып көрдік, деп хабалайды stan.kz.

Бұл тақырыпты «Время» газетінің тілшісі Игорь Неволин зерттеп жүр. Ол үлескерлік құрылыс нарығының мәселелерін көтеріп, оның шешімі туралы материалдарында жазып жүр. Неволиннің айтуынша, тұрғын үй құрылысы нарығындағы маңызды мәселенің бірі – тұрғызылып жатқан объекті туралы мәліметтің жоқтығы. Тек үлескерлікке рұқсаты бар тұрғын үйдің статистикасы ғана бар. Ал, құрылысшылардың көбі заңнан тыс жұмыс жасайды.

«Мәселен, құрылыс ісі жөніндегі комитет мәлеметінше, миллион халқы бар Шымкентте тұрғын үй құрылысының кепілдендірілген қорында сақтандырылған бір ғана объектті көрсетіп, тұрғындардың ақшасын тарта бастайды. Бірақ онда көптеген үй тұрғызылып жатыр. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ», – дейді ол.

Айтуынша, жергілікті атқарушы органдар бақылауды жүзеге асыру керек. Құрылыс ісі жөніндегі комитет пен журналистердің келтірген мәліметтері екі түрлі болып шықты.

«Менде мынадай мәлімет бар, Астанада 44 объект үлескерлікке қатысы бар үш мүмкіндіктің бірі бойынша ғана тұрғызылып жатыр. Біреуі екінші деңгейлі банктің кепілдігін алса, өзгелері тұрғын үй құрылысының кепілдендірілген қорынан кепілдікке ие болған. Бұл халықтың ақшасын тартуға құқығы бар заңды құрылыс. Осыдан кейін біз «Крыша.kz» сайтында жарияланған хабарландыру бойынша хабарласып, нағыз картинаның қандай екенін көрдік. 2019 жылы салынатын пәтер сатылады. Оның әлі жоқ екені белгілі. Тек фундаменті ғана құйылған пәтерлер көптеп сатылымда жүр. Олардың салынатыны-салынбайтыны белгісіз. Құрылысшы несие алған, адамдар ақшасын беріп қойған, бірақ құрылыс салынып біте ме?», – дейді Игорь.

Журналистер елордада халықтан ақша алып, рұқсатсыз салынып жатқан 10 шақты объектіні анықтады.

«Цессия келісімдерін ойлап табады, алдын ала жасалатын келісімдер, бұлар үлескерлік қатысушы келісімнің түрлері. Өйткені, заң бойынша, бізде ешқашан тиісінше болған емес. Құрылысшылар арасында 2019 жылы объектілерді Алматы мен Астанада салып өткізіп, цессия келісімі бойынша сатуды жоспарлайтын компания бар.

Ал, цессия келісімі деген не? Бұл құқықтарыңды беру. Алайда құрылысшылардың бұл пәтерлерге өз құқықтары жоқ. Олар әділет органына тіркелген соң ғана құқылы болады. Өз иелігіңдегі затты ғана сатуға құқық болады. Сөйте тұра бәрі жоқ нәрсені сатып жүр», – дейді ол.

«Егер әлдеқандай жағдайлар болып қалса және үлескерлік туралы келісім болмаса, онда сот арқылы тек ақшаңды өндіріп алу үшін күресу керек. Онда да жеңіп жатсаңыз. Егер құрылысшының жеке мүлкі болса. 2007-2008 жылдары мемлекет үлескерлерің мәселесін шешу үшін 470 млрд теңге бөлді. Бірақ ақша тек басында мүлкі жоқ адамдарға ғана берілді. Екінші, үшінші үйі барларға мүлде ақшасы берілген жоқ. Олардың ақшасы желге ұшып кетті», – дейді журналист.

Халық неге қорықпай ақшасын жылжымайтын мүлікке салады? Журналист осы сұраққа жауап берді.

«Пәтер салынбай тұрып арзанға шығады. Дайын пәтер қымбаттай береді. Сондықтан көпшілік арзан кезінде алып қалуға тырысады. Нарықта арзан ақшаға да құжаты бар тұрғын үйлер жоқ», – дейді ол.

Журналист 2016 жылғы «тұрғын үй құрылысына үлескерлікке қатысу» заңның тиімді екенін айтқан жоқ.

«Заңда заң бұзушының не істейтіні жазылмаған. Тек үш мүмкіндігі ғана жазылған. Егер бесінші, алтыншы мүмкіндіктер туып жатса не істеу керек? Ең жоғарғы айыппұл 300 АЕК. Заңды бұзасың да, айыппұл төлеп кете бересің. Бұл ірі компаниялардың білгенін істеуге мүмкіндік бергендей сезімде қалдырады. Заң бар, бірақ ешнәрсеге әсері жоқ», – дейді сарапшы.

Игорь Неволин халыққа тәуекел жасамай тұрып жан-жақты ойлануға, ақша салмай тұрып тексеруге кеңес берді.

«Ешқашан құжаты жоқ үлескерлермен байланыспаңыз. Олар сәулет басқармасы мен қала құрылысы атынан шығады. Бәрі тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры арқылы сақтандырылғандардан алғанда жақсы болар еді. Ондай жағдайда егер құрылысшы жұмысын тоқтатса да, мемлекет сіздің үйіңіздің салынатынына кепілдік береді», – дейді сарапшы.

Қазақстанның риэлторлар ассоцияциясының вице-презиенті, сарапшы Нина Лукьяненко халық ақшасын пәтерге салып жатып, еш сұрақ қоймайтынын айтады.

«Пәтер арзан болғанда, сатып алушылар талап қоя алмайды. Егер бизнес-класс болса, керісінше көп талап қояды. Халық құжат сұрай бастайды. Бұл да сирек жағдай. Өйткені танымал компаниялар пәтерді түрлі әдістермен сатады. Ақша салу келісімі, өзара келісім, алдын ала келісім, агенттік келісімдер сынды. Сатып алушы үшін құрылысшының әрекеті заңды не заңсыз екенін тексеретін ешбір тізім жоқ», – дейді ол.

««Объектіні сатуға қандай құжат бар?  Эксплуатацияға жіберілмей ме?» деген сұрақтар қойыңыздар», – дейді сарапшы.

Жоғарыда аталаған заңды тек журналистер түсіндіріп бере алады, өйткені қарапайым халық оны түсініп жатпайды. Айтуынша, заңның өзі құрылысшылар үшін жазылған.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсрепов нарықтағы бірнеше мәселеге тоқталды.

«Бүгінде Қазақстан нарығында комерциялы объектілерді 5-7 пайызы ғана заңға сай. Өзге компаниялар талапқа сай келмейді. Халық оларға ақша салып қойып, кейін ақшасын талап ете бастайды. Жылдымайтын мүлікке қатысты өзіндік талаптар бар. Құрылысшылар мен үлескерлердің жартысы ғана оны ұстанады. Заң халықты қорғау мәселесін қарайды. Егер құрылысшы заңды істесе, сатып алушы ақшасының жоғалып кетпейтініне сенеді. Ал, компаниялар заңда көрсетілген үш мүмкіндіктің бірін алу үшін жұмыс тәжірибесін, сатып алушылар тарапынан баспана сапасы жайлы жақсы пікірлерін көрсету керек», – дейді Мүсрепв.

Барлық спикерлер халыққа құрылыс жөніндегі заңның кей тұстарын түсіндіру керек екенін, оның ақ-қарасын бәрі ажырата алмайтынын айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау