Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстанда баспана бағасы қымбаттайды деп болжап отыр

Мемлекет бойынша алдағы екі жыл ішінде тұрғын үй бағасы 10 пайызға қыматтауы мүмкін.

Сарапшылар Қазақстанда баспана бағасы қымбаттайды деп болжап отыр

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Құрылыс корпорациясының даму жөніндегі директоры Вячеслав Лазаревтің пікірінше, елімізде жылжымайтын мүлік бағасы 3-4 пайызға артқан. Мұндағы негізгі факторлардың бірі – «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуы.

Десе де, сарапшының сөзінше, қазіргі уақытта бұл тренд «алып-сатарлық сипатқа» ие. Себебі тиімді ипотека мемлекет тұрғындарының қызығушылғын тудырып отыр. Ал нарық ойыншылары мұны жақсы түсінеді. Алдағы жылдарды мемлекетте жаңа тұрғын үйлер салынып, оларды төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен рәсімдеуге болады. Өз кезегінде қазақстандықтар арасындағы сұраныстың артуы баспана құнының артуына алып келеді, дейді Лазарев.

«Біз  үйдің құны 10 пайызға дейін көтеріледі деп болжаймыз. Ал тұрғындар бұның тиімділігін  бірте-бірте ғана түсініп жатыр. Банктер жұртқа ыңғайлы етіп барынша барлық мүмкіндіктерді жасауға кіріскен. Сондай-ақ бұған үй салушы құрылыс мердігерлері де белсенді түрде қызығушылық танытып отыр. Сондықтан 1,5-2 жылдың ішінде пәтер құны көтерілетін болады», – дейді құрылыс корпорациясының даму жөніндегі директоры Вячеслав Лазарев.

Ал өзге сарапшы Ғалым Ысқақов, керісінше, «7-20-25» бағдарламасы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді, сонымен қатар баспана бағасының қымбаттауы маусымдық факторға байланысты екенін айтуда.

Тұрғын үй нысандарының қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанына қарамастан, пәтерлердің дені құрылыс жүргізіліп жатқан кезінде-ақ сатылып кетеді. Демек, жаңа бағдарламаның талаптарына жауап бермейді. Оның жаңа ережелеріне сәйкес, тек пайдалануға берілген баспананы сатып алуға болады.

Сарапшының мәліметінше, Астанада «7-20-25» бағдарламасының талаптарына жауап беретін небәрі 10 тұрғын үй кешені бар. Ал басқасы үлескерлік жолмен сатылып кеткен.

«Дәл осы бағдарлама бойынша бізде нарық өте аз. Сондықтан бұл бағдарлама нарыққа еш әсер ете алмайды. Яғни екінші деңгейлі және жаңадан салынған үйлер бағасының қымбаттауына, не арзандауына түк әсер етпейді», – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Ғалым Ысқақов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау