Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар алдағы уақытта қолма қол ақша төлеу жүйесі жойылатынын айтады

Британдық сарапшылардың болжамынша, 2025 жылға қарай ақша қолма қол берілмейді. Тіпті, айналымнан мүлде алынып тасталады.

nalichnyj-dollar (1)

Сурет: vashbaks.ru 

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Финляндия елі қолма қол ақша төлемеу жүйесін енгізіп, үлкен табысқа жеткен. Ол елдің азаматтары ақшаны жағдайдың 20 пайызында ғана төлейді.

Ал, Швецияда көше музыканттарына дейін электронды төлем қабылдайды. Қолма қол ақша бермей төлеу жүйесі кедей елдерде де енгізілген. Мәселен, Кенияның 70 пайызға жуық азаматтары виртауалды әмияндар қолданады.

Сарапшылар қолма қол ақша төлеу жүйесінен бас тарту арқылы көшедегі ұры-қарылардың жоғалатынын айтады. Өйткені ұры сіздің әмияныңызды ұрлап алғанымен, әмияннан пластикалық түбіртектен басқа ештеңе таппайды. Алайда, мұның да өз кемшіліктері бар көрінеді. Халықаралық қылмыс істері ақырындап виртуалдыққа айнала бастайды. Есірткі тасымалдаушылардың синдикаторларында жұмбақ виртуалды әмияндар болады. Былтырғы жылы онлайн-қылмыскерлер арықтауға арналған өнімдер сатып, 10 миллиард долларға жуық пайда тапқан.

Алан Исаев

Талқылау