Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы Головкин Альварестен жеңілсе не болатынын айтты

BoxingScene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвардс WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль “Канело” Альварестен (49-1-1, 34 КО) 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте неліктен жеңілуге болмайтынын айтты.

22120_resize(602-412-1)

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

“Маған әшкерелеу деген сөз ұнамайды. Бірақ Головкин “Канелодан” жеңілетін болса, көбі оны әшкере болды деп ойлайды. Флойд Мейвезерге де “Канелоның” жеңгені жақсы болады. Себебі ол “Канелоны” жеңген жалғыз боксшы болып қала береді”, – деді сарапшы.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, Головкин “Канелодан” жеңіліп қалса, БАҚ өкілдерінің оған қатысты айтылған сындары оны жоқ қылып тастайды.

“Бұл жаман естілуі мүмкін, бірақ бұл ойын. “Канело” – бәсекелес, бірақ ол Головкиннен жеңіліп қалуы мүмкін. Мен әлі күнге дейін кімнің жеңіске жететінін шешпедім”, – деді BoxingScene.com порталының сарапшысы.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің кездесуі мексикалық боксшылардың жекпе-жек кешінде анық болған еді. Сондай-ақ, кездесу барысында нақты қандай титулдардың да сарапқа салынатыны айқындалды. Алайда кездесудің қайда өтетіні әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Талқылау