Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: 5 жылдан соң БЖЗҚ-да ақша қалмайтын шығар

Бес жылдан соң Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы төлеуге ақша қалмауы мүмкін. Осындай мәлімдемені ұлттық экономика Министрлігіндегі мамандар кеңесінің мүшесі Айман Тұрсынқан жасады. Ол ресми есептемелерді зерттеп, қордың шығыны артып, ал табыс пен кірістің төмендеп жатқанын анықтады. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“5 жыл болжамды мерзім. Егер қазір тез арада зейнетақылық жарма кірістерінің көлемін екі, үш есе көбейтпесек, үш жылдың ішінде БЖЗҚ-да қаражат болмайды. Қорланымдар жоқ. Жыл сайын БЖЗҚ-ға түсіп тұратын қаражат, сол жылдың өзінде-ақ мемлекет бюджетіндегі тапшылықтан қайтадан қайтарылып алынады. Жұмыс күші бар болғаны алты пайызға өскен”, — дейді сарапшы.

Айман Тұрсынқанның айтуы бойынша, жаңа салымдар ескі салымшыларға төлем жүргізудің негізі саналады. Кезінде төлемдер облигацияны сатып алып, мемлекет бюджетіндегі тапшылықты қаржыландыру үшін жүргізілетін. Алайда қазір соңғы үш жыл бойы БЖЗҚ-дан банктік жүйеге көлемді соммалар алынуда. Олар оның жиынтық активтерінен де асып түседі.

“Салықтық жүйеге қатысты көзқарасты өзгерту керек. Қазір ол тым “тәртіпке салынған”. Осылай ол жаппай төлемшіні, жеке тұлғаларды максималды түрде кез келген мүмкіндіктен айырады. Бірақ олигополия үшін салықтық қылмыстарды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.”, — дейді ол.

Айман Тұрсынқанның пікірінше, жұмыссыз жүрген барлық адамдардың мойнына артылған біріңғай жинақтық төлемді алып тастау керек. Ақшасы жоқ халыққа тиісудің қажеті жоқ.

 

Талқылау