Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшы Астананың атауын өзгертуге қанша шығын кететінін бағалады

Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруға 125 миллион доллардай қаражат кетуі мүмкін. Бұны «Альпари» ақпараттық-аналитикалық орталығының директоры Александр Разуваев есептеп көрді, деп жазады Stan.kz.

Сарапшы Астананың атауын өзгертуге қанша шығын кететінін бағалады

«Астананы қайта атау арзан жұмыс емес, ал негізгі шығындар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Мұндағы  шығындардың негізгі бағыты: азаматтардың жаңа құжаттарына қойылатын мөрге – шамамен 80 млн доллар, жаңа белгілер мен маңдайшалар жасауға – 25 млн доллар, жаңа карталар жасауға – 5 млн доллар кетеді», - дейді Разуваев.

Ол сондай-ақ, қазір қала атауы барлық құжаттарда Астана деп көрсетіліп тұрғандықтан, мемлекеттік органдардың Конституцияның жаңа нұсқасын және көптеген заңдарды өзгертуге мәжбүр болатынын еске салып өтті. Сарапшының бағалауы бойынша, бұған шамамен 15 миллион доллар кетеді.

«Тиісінше, жалпы шығындар шамамен 125 миллион долларға жуықтайды... Алайда, астананы қайта атау – ақша жасауға мүмкіндік береді. Соның ішінде, баспахана мен маңдайша өндірушілер де табысқа кенелетін болады», - дейді сарапшы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр