Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сараң әке ұлының костюмі үшін ақша төлемеймін деп, күлкіге қалды

АҚШ тұрғыны Хэллоуин мерекесіне орай ұлына трансформердің костюміне тапсырыс бермекші болғаннан кейін жұрттың күлкісіне қалды. Бұл оқиға туралы 3D-принтерде әртүрлі өнімдерді шығарумен айналысатын кәсіпкер Imgur желісінде айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сараң әке ұлының костюмі үшін ақша төлемеймін деп, күлкіге қалды

Әлеуметтік желілерден түрлі киімдер шығаратыны жазылған жарнаманы көрген ер адам кәсіпкерге жүгінген. Ол кәсіпкерден «Трансформер» фильмдер сериясындағы негізгі кейіпкерлердің бірі Оптимус Праймның костюмін басып шығаруды сұрады. Ал ол жұмысқа бірден кірісуге дайын екенін айтты және басып шығару үшін дайын 3D үлгілерін немесе сағатына шамамен 9200 теңге қосымша ақы төлеуін сұрады.

«Сағатына 25 доллар? Сенің өзі есің дұрыс па? Сен сонда саған біреу осындай сома төлейді деп ойлайсың ба? Сен тек компьютерде отырып қана жұмыс істейсің», – деді ер адам наразылық білдіріп.

Ұлының костюмі үшін сараңдылық көрсеткен ер адам кейінірек үлгілер үшін ақы төлемейтінін айтты.

Ал кәсіпкер оған ақы төленбесе костюмді басып шығара алмайтынын айтып, жұмыстың нәтижесін есептеп берген. Оның есептеуі бойынша ер адам кәсіпкерге шамамен 360 000 теңге төлеуі керек. Бұл соманы естіген ер адам қатты ашуланды. Ол кәсіпкерді бірнеше рет балағаттап, тіпті оны қорқыта бастады.

«Оңбаған! Мен бәріне сенің қандай алаяқ екеніңді айтамын және болашақта бизнесің ешқашан алға жүрмейтін болады », – деді көңілі толмаған клиент.

Кәсіпкер оқиға туралы айта келе, желідегі жазбаға не себептен бір костюмнің бағасы осындай сома тұратынын толық жазып берді. Оның сөзінше, бұны жасау үшін кем дегенде 312 сағат қажет екен. Сонымен қатар, бизнесмен 3D моделін өзі жасап, материалдарды сатып алуға мәжбүр болушы еді.

Ал бұл оқиғаны естіген желі қолданушылары баланың әкесін күлкі қылып, оны орындаушымен дұрыс сөйлесе алмайды деп сынап тастады.

Талқылау