Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Назарбаева: Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңес 9-шы есеп беру отырысын өткізді. Аталған жиынның басты қонағы Сара Назарбаева болды.

Sara-Nazarbaeva-

Фото: Bloknot.ru

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім басқармаларының қызметкерлері жиналды.

«Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан. Бастысы дегенім, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілікті шетке ысырып қойған. Ең алдымен біз, үлкен адамдар, өзімізді рухани тұрғыда тәрбиелеуіміз керек», – деді «Бөбек» қоғамдық қорының президенті Сара Назарбаева.

Айта кетсек, кеңестің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқи отырыңыз:

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Талқылау