Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Амангелді қымбат маркалы жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды

КешYou тобының бұрынғы әншісі Сара Амангелді су жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды. 23 жастағы бойжеткен Toyota Camry 70 тұлпарын тізгіндеген, деп жазады Stan.kz.

Сара Амангелді қымбат маркалы жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды

Желідегі фотоға қарасақ, қара түсті темір тұлпарды Сараға әлдебіреу сыйға тартқан. Көпшілік мұндай қымбат сыйды әншіге продюсер анасы жасады деп болжады.

Айта кетейік, Сара Амангелді алғашқыда Баян Алагөзованың қарамағындағы “Лашын” дуэтінде, кейіннен КешYou төрттігінде өнер көрсетті. Бүгінде өзін актрисалық қырынан танытып жүр. Көрермен көзайымына айналып үлгерген “Келінжан” телехикаясында Сара басты рөлдердің бірін сомдаған. Аталған картинаға Сараның анасы, белгілі журналист Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік еткен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау