Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Ақтөбеге медицина саласының майталмандары Төрегелді Шарманов, Серік Ақшолақов пен Жақсылық Досқалиев келді.

1490099730_2-800x600

Бұл туралы “Мой ГОРОД” хабарлады.

Медицина университетінде өткен салтанатты кездесуде академик Шарманов өзін жерлесі деп құрмет тұтқан ақтөбеліктерге алғыс айтты.

«Өзім сондай қуаныштымын. Өзім Қарағандыда туылсам да, барлығы мені ақтөбелік деп санайды. Оған үйреніп қалдым. Осында көп уақыт өткіздім. Медициналық оқу орнының ректоры болдым. Ақтөбе маған ғылымның шыңына жетуге көмектесті», – деді ол жиын барысында.

Төрегелді Шарманов бие сүтінен даярланатын йогурт пен балмұздақ өндірісін сөз етті.

«Ал мына шоколадты Бердібек Сапарбаевқа сыйлаймын. Жақында өндірісті жолға қоямыз. Сіздерге де жетеді деп үміттенеміз. Бұл қант қосылмаған бие сүтінен жасалған шоколад. Мұндай сүтті қайнатуға, пастерлеуге болмайды. Оның құрамында пайдалы нәрселер көп. Көптеген аурулардың алдын алады, оның ішінде обыр да бар», – деп түсіндірді Шарманов.

Қаршадай қазақ қызы АҚШ елшісіне Наурыз көженің тарихын таныстырып берді (видео)

Талқылау