Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев шарықтаған дәрі бағасын реттеуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиын барысында әкімдік аппаратының қызметкерлерін дәріханаға жұмсап, дәрілік препараттардың қымбаттап кеткенін анықтады. Жиын барысында бағаны көтермеу туралы меморандумды орындамаған меморгандар басшыларын анықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

сапарбаев

Бердібек Сапарбаев барлық басқарма басшыларынан есеп алып жатыр. Жылды қорытындылап, жұмысының нәтижесін көрсеткен басқарма басшылары көп жағдайда кабинеттен шықпай, құр сандық көрсеткішке сүйенетінін көрсетіп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Сабыр есеп берді.
Жиынға бағаға мығым, дәрі-дәрмектің құнын үнемі салыстырып жүретін ардагерлер де қатыстырылды.

«Мамандарға тапсырма беріп, Ақтөбе қаласындағы 10-ға жуық дәріхананы тексерттім. Ешқайсысында пайыздық жеңілдік жоқ. Алға, Шалқар, Қобда, Ойыл аудандарындағы дәріханаларда да осы жағдай.

Жеңілдік мүлде қарастырылмаған. 30 пайыз жеңілдік қайда? Нақты жағдайды білу үшін дәріханаларды аралап, көзбен көру керек. Дәрілік заттардың бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойылды. Нәтижесі қайда?», – деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысының айтуынша, 6 ақпан күні әкімдік аппаратының мамандары Алға, Шалқар, Қобда, Ойыл аудандарына мониторинг жүргізген.
Бірқатар дәрілік заттардың бағасы өз құнынан жоғары сатылғаны анықталды.

«Мәселен, 100 миллиграмм долананың келісілген бағасы – 95 теңге. Ал дәріханада 255 теңгеден сатылып жатыр. Бұл импорт емес қой, неге қымбат? 100 миллиграмдық мия тамырының шырыны 250 теңгеден сатылуы тиіс. Бірақ ол 350 теңгеден сатылуда. Қарапайым дәрілердің бағасы осындай, басқасын айту қиын»,- деді ол. Ақтөбе облысы әкімінің бұл сынын ардагерлер де растады.

Қария Кеңес Бірмановтің айтуынша, ауыл тұрғындары тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін білмейді. Ал емхана басшылығы мен емдеуші дәрігерлер тегін көмек туралы ақпаратты жасырып қалады. Айта кетейік, облыста медициналық және фармацевтикалық бұйымдарды сатумен және таратумен айналысатын 601 мекеме бар, оның 386-сы дәріхана (271-і Ақтөбе қаласында, 97-сі аудандарда орналасқан).

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев отырғызылған көшеттерді санауға тапсырма берді

Сапарбаев қытай инвесторларына шүйлікті

12 млн қайда кетті: Дәрігер Жәнелдің отасының тегін жасалғанын мәлімдеді

Павлодарда ұстаздар мен дәрігерлерге терезесі мен қабырғасы жарылған үйлер берілген

Талқылау