Сапарбаев өзінің қарамағындағы қызметкерлер күніне 10 сағат жұмыс істеуі керек деп есептейді

Сейсенбі, 24 Қараша , 2015 14:45

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қарамағындағы қызметкерлер күніне 10 сағат жұмыс істеуі керек деп пайымдап отыр.  Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.-деп хабарлайды ҚазАқпаратсапарбаев

«Қазіргі дағдарыс жағдайында бұрынғысынша жұмыс істеу дұрыс емес. Егер де бұрындары 8 сағат жұмыс істесек, қазіргі кезде 10-12 сағаттан жұмыс істеу керек. Алайда бұл тұрғыда тиімді қызмет етуді назарда ұстау керек», – деді әкім.

Сонымен қатар  Сапарбаев экономиканы көтеру бағытында басқармалар мен аудан әкімдіктері алдына қойылған талаптар орындалмаған жағдайда, жұмысты тиісті деңгейде атқара алмағандар қызметінен босайтындығын атап өтті.

Бұдан бөлек, облыс әкімі осы қызметке келгенге дейін әкімдікте жұмыс істеп жүрген қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын жеткізді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар