Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев қытайлық компания орнатқан «қамалды» бұзуды тапсырды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болған кездесуде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа мұнай-газ компаниялары «Казахойл Ақтөбе» қойған ақылы бөгетке айланысты шағымдарын айтқан еді.

007203-YBbk3Z

Сурет: vaktobe.kz 

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

Әкім бұл мәселені міндетті түрде шешіп беруге уәде берген. Тұрғылықты халық пен кәсіпорын жұмысшылардың 2014 жылдан бері Кеңқияқ-Жаңажол бағытымен қатынауы қиындаған. Ол жерге мұнай компанияларын ақылы бақылау-өткізу пункін орнатып тастаған.

Жолаушылар «Әлібекмола» кен орнына қарай жүк көліктерімен 2500 теңге, жеңіл көліктермен 775 теңге төлеген. Ал, Қожасай кен орнына барушылардан 4000 және 1500 теңге ақша алынғн.

“Бұл мәселені тез арада шешу керек. «Казахойл Актобе» мекемесінің бөгет қойып, ақы талап еткендері дұрыс емес”, – деген еді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Сапарбаев жұмыс орындарында қысарту жүретін болса, жергілікті жұмысшыларды орнынан алмай, сырт елден келген басшылар мен мамандарды қысқарту еректігін ескерткен.

Жіберіп алмаңыз:

Бердібек Сапарбаев: “Жер сатуға” қарсы шеруге “Батыс ақшасының” қатысы болуы мүмкін

Талқылау