Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: Ешкімнің біреудің тауығын есептеп, үйіндегі тоңазытқышын тексеруге хақы жоқ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болып қайтты. Сұхбат барысында министр халықтың әлеуметтік желілерде қойған сұрақтарына жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сапарбаев: Ешкімнің біреудің тауығын есептеп, үйіндегі тоңазытқышын тексеруге хақы жоқ

Сапарбаевтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысына қарай жарты жылға, бір жылға есептелінеді екен. Егер, сол жарты жылдың ішінде отбасының табысы өзгеретін болса, мысалы көбейсе, жәрдемақы тоқтатылады. Министр сондай-ақ, жасына қарай төленетін зейнетақының зейнеркерлер үшін, олардың өз шығындарын өтеу үшін берілетінін еске салды.

«Аз қамтылған отбасылар, алтын және күміс алқа иелері алатын, сондай-ақ мүгедек балаға төленетін жәрдемақылар, шәкірақы табыстың көзі болып есептеліп келген. Қазір біз оны алып тастадық. Ең үлкен өзгеріс жеке, қосалқы шаруашылықты есептегенде енеді», - дейді Бердібек Сапарбаев. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ешкімнің біреудің тауығын, сиырын және оның үйіндегі тоңазытқышында не барын тексеруге құқығы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жәрдемақыға үміткер адамдардың шығыны да, кірісі де есептелуі керек. Себебі, 1-2 малдан келетін кірісті есептегеннен пайда жоқ. 

«Малды есептегенге де қарау керек. Сол сиырдан нақты пайда бар ма, жоқ па соны ойлау керек. Сиырдың сүтін есептейді. Ал, ол сиыр қысыр қалса ше? Олар есептеген сүт қайда сонда»,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министі Бердібек Сапарбаев. 

Талқылау