Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: Ата-анасының зейнетақысына қарап отырған баладан түк шықпайды

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ауыл халқымен, құқық қорғаушылармен кездесті.

144196498241xch

Жиын кезінде ел тыныштығын сақтау үшін тек арнайы органдар емес, халықтың бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін еске салды. Сонымен қатар, жастарды жұмыс істеуге шақырып, ата-анасының зейнетақысына жан бағып отырғандарды сынады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбедегі құқық қорғау органдары аудандарды аралауға кірісті. Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жанына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай, облыстық ІІД бастығы Махамбет Абисатовты және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілін ертіп барды. Халықпен кездесу кезінде өңір басшысы бірлікті сақтауға, ауыл жастарын ерінбей еңбек етуге шақырды. Балаларын зейнетақымен асырап отырған қариялардың ісі қате екенін айтты.

«Балалар сіздердің зейнетақыларыңызға күн көретін болса, олардан түк те шықпайды. Бәріміз де ауылдан шыққан азаматтармыз. Жеткен жетістігіміз  еңбектің арқасында. Екінші айтарым, біз елдің бірлігін сақтауымыз керек. Еліміздің 25 жылдағы жеткен жетістігі осы. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтасақ, ұрпағымыздың алдында міндеттерді атқарған боламыз»,- деді ауыл халқына Сапарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Мені сонша мақтаудың қажеті жоқ

Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың артында 9 бала жетім қалды

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

Талқылау