Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев әкім стипендиаттарының тізіміне «блатнойлардың балалары» еніп кетпеуін тапсырды

Бердібек Сапарбаев өз атынан берілетін әкім шәкіртақасының кез келген студентке тамыр-таныстықпен беріле салмау керектігін қатаң ескертті.

Облыс әкімінің стипендиясына үміткерлер қатарына «блатнойлардың» балалары өтіп кетпеуін тапсырдыі, деп хабарлайды «Тілші».

«Осы жағын ескеру керек. Бұл облыс әкімінің стипендиясы. Ертең маған «ана біреуге беріпсіз, пәленшенің туысқаны алыпты» деп жүрмесін. Екіге оқитын, сабаққа келмейтіндер, тәртіп бұзатындар, тағы басқалары бар. Әділетсіздік болмасын», — деп ескертті ол көпшілік алдында.

Өз кезегінде, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жастарды марапаттау рәсімі қараша айының алғашқы аптасына жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Өткен аптада барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 285 студент үміткер ретінде таңдап алдынды. Көктем айларында жинақталды. Олардың қатарында жетім балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан жастар бар. Оларды арнайы комиссия іріктеді», — деді облыстың «бас идеологы» Бұлбұл Елеусінова.

Тағы да оқыңыз:

Бердібек Сапарбаев «для галочки» жұмыс істейтін «Жас отанның» жұмысын сынап тастады

Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Ақтөбеде ішімдікке сылқия тойып алған «сақалды» жігіт жұрттың көзінше әйелін сабап тастады

Талқылау