Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев 42 мыңнан аз жалақы алатындардың айлығын көтеруді талап етті

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев жаңа жылдан бастап барлық коммуналдық қызметтерде ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы 42 мыңнан аз жалақы адамдардың айлығын көтеруді талап етті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.

Сапарбаев 42 мыңнан аз жалақы алатын адамдардың айлығын көтеруді талап етті

«1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 мың теңгені құрайды. Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар Мемлекет басшысының бұйрығының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл үшін басшылар ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қызметкерлердің жалақысын көтерудің көздерін анықтап, есептеулері тиіс. Келесі жылға белгіленген ең төменгі жалақы деңгейінен төмен алатын бірде-бір адам көтерілусіз қалмауы керек»,- деп мәлімдеді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорын басшыларының тарифтерді белгілеу және өздерінің инвестициялық бағдарламаларын орындау мәселелері бойынша ағымдағы жағдайдың есебін тыңдады.

«Қазіргі уақытта прокуратура мен монополияға қарсы қызмет органдары коммуналдық сектордағы монополистердің қызметінің заңдылығына кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Облыста барлығы 47 табиғи монополия тіркелген, олардың 16-сы үшін инвестициялық міндеттемелер белгіленіп отыр », – деді Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлнұр Масина.

Ал бәрінің сөзін тыңдап болған Бердібек Сапарбаев оларға Елбасының тапсырмаларын қатаң орындау керектігін еске салды.

«Прокурорлық тексеріс аяқталғаннан кейін коммуналдық қызметтерді тарифтеу мәселесін қарау үшін қайта жиналамыз. Прокуратураға және монополияға қарсы ведомствоға инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, қаржыны тиімді жұмсауға және монополистердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударуын сұраймын », – деп атап өтті Сапарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау