Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тенді өлтірді деген күдікті қайғылы оқиғаға бір апта қалғанда кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен босатылған

Деннис Тенді өлтірді деп айыпталған Арман Құдайбергенов  11 шілдеге қараған түні астана тұрғыны Сапар Шамшиевтың де көлігін тонап кеткен. Ол тұтқындалған соң 20 шілдеге дейін түрмеде отыру керек болатын. Бұл туралы “Время” басылымы хабарлайды.

Сапар Шамшиветың көлігін тонаған ұрлықшы қылмыс орнында тұтқындалған. Оған кетіп қалмау жөнінде қолхат берілген. Бірақ 20 шілде күні болатын соттан ол қашып кетті.

Сапар Шамшиев Астанадағы алматылық АІІБ-ден көлік айналарын алып кеткен. Сол жердегі қызметкерлер оған соттың 7-10 күннен соң болатынын айтқан. Ал  Сапар Шамшиев олардан  қылмыскер туралы сұрағанда, сол жердегілер  Арман Құдайбергеновтың өз кінәсін мойындағанын және оның бұрын сотталғанын баяндап берген. Сапар Шамшиев ұрлықшы изоляторда деп ойлаған.

20 шілде күні полиция қызметкерлері Сапар Шамшиевтың үйіне келіп,  Арман Құдайбергенов есімді азаматты білетінін не білмейтінін сұраған.

“Олар маған оның суретін көрсетті. Мен оны бірден таныдым. Сосын полицейлер маған Арман Құдайбергеновтың Денис Тенді өлтірді деп күдіктелетінін түсіндірді. Мен қатты таңғалдым: бұл қалай болғаны? Ол Астанада изоляторда отыр ғой. Ал қылмыс Алматыда орын алған. Олар болса маған қылмыскердің  кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен босатылғанын айтып берді” , — дейді Астана тұрғыны.

“Егер оны сол уақытта босатпағанда ол қашып кетпей, сот алдында жауап берсе, Алматыда қайғылы оқиға орын алмайтын еді, ” — дейді Сапар Шамшиев.

 

Талқылау