Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапар намазы қалай оқылады

Stan.kz сапар намазының қалай оқылатыны жайлы мәлімет ұсынады.

Сапар намазы қалай оқылады

Сапар намазы қалай сапар болып есептеледі. Ең әуелі кісі үйінен шығарда мысалы 15 күнге бір жерге барып тірлігін бітіріп келемін деп ниет еткен болса, үйінен шыққаннан бастап ол адам сапарда болып есептеледі. Егер ол кісінің 15 күнде бітіремін деген шаруасы бітпей қалып, ісі 20 немесе 1 айға созылып жатқан болса, ол уақыттың баршасында ол кісі сапарда болып есептеледі. Яғни қайтып келгенге дейін сапарда болады. Өйткені ісінің бітпей қалуы өзінің еркінде болмағандығы үшін ол адам сапарда жүр деп есептеліп кете береді.

Ал бір кісі енді, бір айға немесе екі айға, бір жылға деп жолға шыққан болатын болса, тек қана жетіп алғанға дейін сапарда болады. Сосын қайтып келе жатқанда сапарда жүр деп есептелінеді. Ал ол жерге барып орныққаннан кейін сапарда болып есептелмейді. Ол үкімнен шығып, сол жердің жергілікті тұрғыны болып есептеледі де намаздарын толығымен оқиды.

Сапар намазының ерекшелігі мұнда барлық парыз намаздары екі рәкағатқа қысқарады. Тек шам намазы ғана үш рәкағат болып толық оқылады. Ал сүннет намаздары кісінің өз еркіне беріледі. Уақыты болып тұрса, мүмкіндік бар болса оқиды, мүмкіндік жоқ болса парыздарын оқуы жеткілікті.

Сапарда жүрген кісі егер намазын қаза қылып алатын болса, бұл намазды қалай өтейді?

Егер ол кісінің намазы сапарда жүргенде қаза болған болса, үйіне келгенн ен кейін болса, үйге келгеннен кейін де тек екі рәкағат қана қаза қылып оқиды. Қай уақытта қаза болған болса тура сол уақыттағысын ғана оқиды. Мысалға, сапардағы кісі екі рәкағат қылып сол қазаны оқиды. Ал  үйінде жүргенде қаза болған намазын сапарда оқитын болса, онда төрт рәкағат қылып қазаны өтейді. Өйткені, ол төрт рәкағаттық намазды қаза қылған еді. Сондықтан, соны қалай қаза қылады тура солай өтеп береді.

Сапардағы кісі намазды қалай оқиды?

Сапарға шыққан кісі қандай көлікте болмасын намазды кетіп бара жатқан бағытына қарай оқиды. Ол ұшақта, пойызда немесе автобуста, жеңіл көлікте болсын, егер ол көлік өзіні болмаса, соның ішінде көлік қай бағытқа жүріп бара жатса сол бағытқа қарап, ниет етіп тәкбірін алып, тек қана ишарамен оқиды. Яғни, ишара дегеніміз рукуғта басын сәл ғана исе, сәждеге барған уақытында одан көбірек еңкейеді. Ол екеуінің арасы, айырмашылы болсын деп  рукуғ пен сәждесінің арасындағы айырмашылығын білдіру үшін сәждеде  көбірек иіледі. Осы ым-ишарамен оқуы жеткілікті. Бірақ, ханафи мазһабымыз бойынша намаздың ең төменгі түрі осы басты қозғалтып ишара жасауы. Егер оны да жасамай, мен көзбен оқыдым дейтін болса, ондай намаз жоқ. Себебі, намазда бас қимылдап, міндетті түрде рукуғе мен сәжденің айырмашылығы болуы керек.

Ал, енді сапарға шыққан кейбір кісілердің күмәнға түсіп жатқан және осы мәселені шеше алмай жататын жағдайлар болады. Бұл сапарға шыққаннан кейін толық оқимыз ба, әлде қысқартып оқимыз ба деп сол нәрсені түсіне алмауынан немесе ажырата алмай қалуынан болып есептеледі. Шарихатымызда намазды қысқарту үшін оны әдейі отан деп үшке бөлген.

Біріншісін, уатан-и асли дейді. Ол негізгі отан болып есептеледі.

Екіншісі, уатан-и иқамат. Бұл 15 күннен ұзақ тұратын жер. Мысалы, сапарға шыққан адам барған жерінде бір-екі ай тұрып, қайта қайтатын болса бұл уатан-и иқамат деп аталады. Бірақ 15 күннен ұзақ болуы шарт.

Үшіншісін уатан-и сукна дейді. Бұл 15 күнге дейін бір жерде тұрып, қайтадан қайтып кетуі. Яғни, осы үш мәселе қарастырылады.

Біріншісі асли отан деген адамның туып-өскен жері. Ата-анасы, бүкіл жақындары тұрып жатқан өз ауылы. Сол негізгі отан болып есептеледі. Енді, бір кісі үйленіп, еншісін алып бөлек шығып кеткеннен кейін немесе басқа қалаға көшіп кететін болса, қоныс аударғаннан кейін оның негізгі отаны сол жер болып саналады. Бұл кісі жанұясымен басқа қалада тұрып жатқан болса, өзінің ата-анасының үйіне, ауылына барып келген болса, 15 күнге барып, қайтадан қайтатын болса, ол кіс барып-қайтқан уақыттың бәрінде сапарда болып есептеледі. Өйткені, оның көшіп келген, жаңадан орныққан қаласы отаны болып саналады. Себебі, жанұясы, бала-шағасы сол жерде болғандықтан, негізгі отаны болып сол жер есептеледі. Ал ауылы барып-келген уақытта сапары болып саналады.

Тәсбих намазы қалай оқылады >>>

Екіншісі уатан-и иқамат – бұл 15 күннен ұзақ тұратын жер. Егер бір жерге сапарға шыққан кісі жұмыс бабымен, кез-келген себеппен болсын сол жерде 15 күннен ұзақ тұратынын білетін болса, барғанға дейін сапарда болып, барғаннан кейін намаздарын толық оқи береді. Қайтадан қайтар кезде жолда тағы да сапар намазын оқиды.

Ал енді 15 күннің ішінде барып, қайтып кететін адам уатан-и сукна делінеді. Ол кісі сол жерде таң атқаннан кеш батқанша жатқан кісі болса, бірақ 15 күннің ішінде қайтатын болса, ол уақытта да намаздарын қысқартып оқиды. Мінекі, адамдар осы үш нәрсені шатастырып алмауы керек.

Сондай-ақ, өзге мазһабтарда екі намазды біріктіру деген нәрсе бар. Бірақ, ханафи мазһабымыз бұны қабыл етпеген. Бұл ханафи мазһабымыз бойынша дұрыс емес болып есептеледі. Әр намаз өз уақытында оқылуы керек. Тек қана парыздар екі-екі рәкағаттан қысқарып отырады, шам намазы ғана үш рәкағат болып оқылады. Осы нәрсені ғана естен шығармау керек.

 

Талқылау