Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босану кезінде әйелінен айырылған Сапар Әміртай жаңа туған қызы үшін көмек сұрайды

Сапар Әміртайдың отбасында үлкен қайғы. Оның екі жастағы үлкен қызы әлі күнге дейін күлмейді, тіпті екінші қызының даусын қашан еститінін білмейді. Қыздардың анасы Аида, партнерлық босану кезінде қайтыс болған. Ол перинаталдық орталықта қайтыс болған 3 жүкті әйелдердің бірі. Ендігі оның күйеуі дәрігерлерден ең құрмағанда қызын құтқарып қалуды өтінеді. Қыз туғаннан бері комада, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнасына сілтеме жасап.

Қазір Сапар Әміртай екі қызға әке де, ана да болып отыр. Күнделікті үлкен қызына қараумен басқа жұмыстарынан бөлек, ол бірнеше рет аурухана келіп тұрады. Әзірге дәрігерлердің айтар жақсы жаңалықтары жоқ. Сәби, міне 23 күн бойы есін жинамады. Ол толық демала алмай, өттегін ауа жіберетін труба арқылы алуда. Әкесі үмітін үзбей, қол қусырып отырған жоқ. Қызына көмектесетін амалдар іздеп БАҚ назарын аударуда. Оның айтуынша, пресс-конференцияда сөз айтқаннан кейін, отбасының мәселесіне қосымша көңіл бөлген. Сол уақыт арасында қызын Астана қаласының бірнеше білікті мамандары қарап шықты. Алайда олардың кеңестері әзірге нәтиже бермеді.

«Басқа дәрігерле қарап антибиотиктер жазып берді. Үш күнде бір қан талдауын алып жатыр. Әзірге қуанарлықтай әсер көрсеткіші болмады. Консилиум болады деген, шыны керек, ондайды естімеппін. Егер басқа мемлекетте мұндай тәжірибе барысында бала оянып жатса, неге бізде де өткізбеске? Оны ұйымдастыра аламыз ғой. Күтемін», – дейді қайтыс болған әйелдің күйеуі, Сапар Әміртай.

Сапардың әйелі перинаталдық орталықта партнерлық босану кезінде қайтыс болған 3 жүкті әйелдердің бірі. Неонатологтар жаңа туған сәбиге қойған диагнозды, дәрігерлік құпия деп ашық айтпай отыр. диагноз қойыпта үлгерген.

Қызды жан сақтандыру бөлімінен паталогия және шала туылған балаларды қарау бөліміне ауыстырған. Ол жерде қайтыс болған басқа екі келіншектің де балалары бар. Салмақтары аз болғанымен, Сапардың қызына қарағанда тез жазылып келе жатыр.

«Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрінің қарауында. Қазірге таңда бала неврологиялық реабилитацияны қажет етеді. Бірақ, аурудың өткір кезеңін еске ала отырып, реабилитацияның белгілі шаралары неврологпен бірге жоспарланған. Қазіргі кезде рұқсат етілетін шаралар іске асырылған», – дейді Татьяна Оранская, балалар реаниматолог-дәрігері.

Шетелдік сарапшылар тек перинаталдық орталықтағы әйелдердің өлімін тергеуге ғана тартылған. Тамыз айында іспен Израильден келген профессор айналысады. Жергілікті тергеудің нәтижесі бойынша үш қайғылы оқиғаның ортақ себебі табылмай тұр. Босану бөліміндегі инфекция жоқтығы да анықталды. Сондықтан ол тексеріс біткен соң қайта жұмыс істей бастайды.

Бізге тек отбасынының қайғысын түсіну ғана қалды. Егер сондай мүмкіндік болып жатса, Астана қаласының денсаулық басқармасына консилиум жинасын деген өтініш білдіреміз. Шет ел дәрігерлерін шақыртып, кез келген амалмен баланы алып қалу жолын іздеуді сұраймыз. Отбасына көмек берейік! Баладан айырылудан артық қайғы жоқ шығар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау