Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапалы опа-далап таңдай білесіз бе?

Сапалы опа-далап таңдау  кез-келгеніміз үшін оңайға соқпайды. Олардың түсі өзімізге жарасып қана қоймай, теріміздің ерекшілігіне сәйкес болуы шарт.  Алайда ұмыт қалдыра алмайтын тағы бір талап – сапа мәселесі. Опа-далапты күнделікті қолданатындықтан, бұл ретте олардың сапасы жайлы сөз қозғауды жөн деп таптық.

242631_original

Сурет: tvoirovaniemi.livejournal.com

Stan.kz опа-далаптың сапалы не сапасыз екенін анықтауға арналған кеңестер тізімін ұсынады.

Жалпы кеңестер

Кез-келген опа-далап таңдау барысында ең алдымен мыналарға назар аударғаныңыз жөн:

  1. Жарамдылық мерзімі

Кез-келген адам заттың жарамдылық мерзімін тексергенімен, ескеріле бермейтін жайлар бар.

  • Егер өндіруші фирма тауардың 3 жылға дейінгі жарамдылық мерзімін көрсетсе, бұл оның құрамында қосындылар мен пайдасыз заттектер бар екенін аңғартады.
  • Жалпы алғанда, сапалы опа-далаптың жарамдылық мерзімі 6 айдан аспайды.
  1. Құрамы

Сапалы құралдардың құрамында зиянды қосындылар емес, бензой қышқылы, сорбин қышқылы, Е дәрумені,  жүзім сүйекшелерінің сығындысы, жожоба майы, алоэ вера сынды табиғи заттектер болуы тиіс. Мұндай косметкиалық тауарларды тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Тиісінше, ол жайында опа-далап нұсқамасында міндетті түрде көрсетілуі шарт. Ал бірқатар косметикалық тауарлардың құрамында кездесетін мына заттардан бойыңызды алшақ ұстағаныңыз абзал:

  • Техникалық май (Mineral Oil немесе Petrolatum) бөртпе мен безеу пайда болуына сеп болуы мүмкін.
  • Пропилен гликоль себебінен ағзаның тітіркенуі орын алып, безеу пайда болуы мүмкін.
  • Натрий лорел сульфаты. Сусабындар мен душқа арналған гельдерде кеңінен қолданылатын бұл зат – тері мен шаш күтімі үшін қауіпті. Ал жуғыш құрал ретіндегі әсері төмен.
  • Глицерин теріні құрғатады.
  • ANHYDROUS дезодоранттардың құрамында кездеседі.
  • ВНА— теріні тітіркендіріп, эндокриндік жүйені бұзатын зат.
  • FORMALDEHYDE тырнақ күтіміне арналған құралдардың құрамында жиі ұшырасады.
  • PETROLEUM DISTILLATE. Ол реңк беруші кремдер, кірпікке арналған сүрме, ерін далабы, гигиеналық және парфюмериялық құралдардың құрамында кездесуі мүмкін.
  • FD&CBLUE6, D&C GREEN 1, D&CRED 1, D&CRED 3, FD&CRED3, ACID BLUE 3, ACID YELLOW 3, CI 174160 — бала терісі үшін уытты заттар.
  1. Иісі

Сапалы опа-далаптың иісі бұрқырап тұрмайды. Ол – өнімнің құрамындағы заттардың табиғилығының белгісі.

  1. Тауарды өндіруші мемлекет

Опа-далап таңдауда тауарды өндіруші елдің климаты сіздің елдегіге ұқсас болуына мән беріңіз.

  1. Бағасы

Құралдың бағасы көп жағдайда ескерусіз қалып жатады. Көпшілікке арналған опа-далап үлкен таралыммен шығарылатындықтан, бағасы жоғары сапалы опа-далаптарға қарағанда анғұрлым төмен.

Белгілі бір опа-далап түрін таңдау

  1. Реңк беруші крем

9276365-650-1462944239-shutterstock_166896398

Сурет: shutterstock.com
  • Кремнің құрамы біртекті, ал иісі жағымды болуы тиіс.
  • Сапалы кремнен еш уақытта аммиак не спирттің иісі шықпайды.
  • Түсі біртегіс әрі өзгеріссіз болса, ол тауардың сапалылығын білдіреді. Көптеген танымал фирмалардың ғаламтордағы парақшаларында қолданушылардың пікірі мен кеңесі бар. Оларды бір шолып өткеніңіз артық етпейді.
  1. Опа

9276315-650-1462944239-shutterstock_254124250

Сурет: shutterstock.com

Егер опа құрамында минералды заттар мен өсімдік сығындылары кездессе, ол терінің реңкін тегістеп, ісінулерді жасыруға көмектеседі. Оған қоса, теріні ылғалдандырып, пайдалы заттармен нәрлендіреді.

  • Опа жағуға арналған жаққышпен опаны қолыңыздың терісіне жағып көріңіз: егер опа тегіс жағылса, сапалылығын аңғартады, ал үгіліп жатса, мұндай өнімнен бас тартқаныңыз жөн.
  1. Бетке арналған далап

9276465-650-1462944239-shutterstock_304632626

Сурет: shutterstock.com

Сапалы далапқа қойылар талаптар:

  • Біртегіс жағылып, жеңіл қараюы қажет.
  • Үгілмеуі және айналасына жағылмауы тиіс.
  • Бет кескінін түзетуге жарамды болуы керек.
  1. Ерін далабы

9276265-650-1462944239-shutterstock_151548218

Сурет: shutterstock.com

Сапалы ерін далабын жаққанда мына жайлар орын алмайды:

  • Ерінде ащылау дәм қалады.
  • Ерін тартылып тұрғандай әсер пайда болып, терісі құрғап, жарылып кетеді.
  • Далаптың беті суланып тұрады.
  • Иісі өткір әрі жағымсыз.
  • Далап өзегі сынғыш келеді.
  1. Қабаққа арналған бояу

9276415-650-1462944239-shutterstock_287747237

Сурет: shutterstock.com

​Қабаққа арналған бояудың сапасын анықтау үшін, бояу бетін саусағыңызбен жүргізсеңіз жеткілікті. Бұл ретте оның құрылымы құрғақ не крем тектес екенін ескеру қажет.

  • Егер қабаққа арналған бояу құрылымы құрғақ болса, ол жұмсақ, тегіс әрі жібектей болуы керек. Ең бастысы, саусағыңызға жағылған бояу жан-жаққа шашылмауы тиіс.
  • Кремді бояулар саусағыңыздың жылуында еріп, біртегіс жағылуы шарт.
  1. Кірпікке арналған сүрме

9276165-650-1462944239-shutterstock_183453674

Сурет: shutterstock.com
  • Сапалы сүрменің иісі болмайды не балауыздың әлсіз иісі шығып тұрады.
  • Крем тектес құрылымы тым сұйық та, қою да болмайды.
  • Сапалы сүрме көздің айналасына жағалмайды, үгілмейді әрі кірпітктерді бір-біріне жабыстырмайды. Қолыңыздың терісіне жаққанда біртегіс жағылып, сүрме қылқаламнан ақпайды.
  • Қылқаламына келсек, тек берік әрі иілгіш талшықтардан не жоғары сапалы резинадан жасалғандары ғана сүрменің түйіршік қалдырмай, біртегіс жағылуына кепіл бола алады.
  • Кірпік бояуға арналған сүрменің жарамдылық мерзімі 3 айдан аспайды.
Талқылау