Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәдиев: Дениске үнемі жігіті бар қыздар ұнап қалатын

Денис Теннің өлімі барша қазақстандықтардың жүрегіне жара салды. Қайғылы жағдайда өмірден озуы әсіресе, спортшының туған-туыстары мен жақындарына ауыр тиюде. Бұл орайда Дениспен жақын дос болған актер Санжар Мәдиев ол туралы естелігімен бөлісті.

Санжар Мәдиев: Дениске үнемі жігіті бар қыздар ұнап қалатын

Қайғыдан қабырғасы қайысқан Санжар есін жиып үлгермесе де, “Хабар” арнасы дайындаған “Звезда по имени Тен” атты деректі фильм үшін сұхбат беруге келіскен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Денисті білетін адамдар менімен келісетін шығар, ол өте ашық жан. Онымен танысқан адам сол сәтте Денисті өмір бойы танитындай күй кешетін. Тіпті, танитындай емес, өмір бойы сондай адамды іздеп жүргендей. Сондай мінсіз дос еді”, – дейді Санжар Мәдиев.

Актер Дениспен танысқан күнін еске алды. Айтуынша, сол күннен бастап екеуі өте жақын дос болып кеткен. Тіпті, Санжардың қызы мәнерлеп сырғанаушыны жақсы көріп қалған көрінеді.

“2015 жылдың 2 сәуірінде Оралда іс-шаралардың бірінде таныстық. Содан бері дос болып келдік. Менің қызым оны қатты жақсы көріп қалды. Онымен жолығып қалсақ болды қызым: “Денис аға қайда?” – деп сұрай беретін.

Ән жаздыруды ойластырып жүр еді. Осы жақында ғана ол туралы талқыладық. Әнге өзім мәтін нұсқасын ұсындым. “Саған шынымен де ұнады ма?” деп сұрай беретін. Мен ол әуенді рингтонға қойып қойғанмын. Ол әнді алғаш естіген кезде, Денистің орындап жатқанына сене алмадым”, – дейді Санжар.

Мәдиевтің айтуынша, Денистің үнемі махаббатта жолы болмайтын. Себебі:

“Екеуміздің қарым-қатынасымыз ерекше болатын. Үнемі бір-бірімізге қалжыңдайтынбыз. Біз оны “мачо” деп атаушы едік. Себебі оған үнемі жігіті бар қыздар ұнап қалатын”, – деп еске алды актер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау