Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәдиев балаларды ұрмай тәрбиелеуге шақырды

Танымал актер Санжар Мәди бүгінгі қоғамдағы түйткіл сұрақтардың бірі – тәрбиелеу мақсатында балаға қол жұмсау тақырыбын қозғады деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап.

Санжар Мәди: балаларды ұрмаңдар!

Актер ЮНИСЕФ ұйымына қосылып, қазақстандық бүлдіршіндердің құқығын қорғап, оларды зорлық-зомбылықтан құтқармақшы. Баланы қол жұмсаусыз тәрбиелеуді насихаттап, бүлдіршіндерді ұру – әлсіз ата-ананың ісі екенін айтты.

«Балалар қаншалықты бұзық болса да олармен үлкен адамдай сөйлесе алмаймыз. Оларға дауыс, қол көтеруге құқылы емеспіз. Бүгінгі таңда әсіресе шығыс халқының менталитетінде баланы ұрып өсіру қалыпты болып саналады. Ұрып ұқтырмаса бала тыңдамайды деп ойлайды», – дейді Санжар.

Қазақстанда баланы дөрекілікпен тәрбиелеу сәттерінің қалыпты екеніне наразылық танытқан актер балаға сөзбен айтып та түсіндіруге болатынын айтады.

«Бала бәрін ұғады, кейде тіпті рухани тұрғыда ұғуы мүмкін. Олар ата-аналарының істегенін қайталайды. Сол үшін алдымен ата-аналар өздерін өзгертулері қажет», – дейді актер.

Сөз соңында Санжар Мәди өзінің қызы Умайды ұрыспай тәрбиелеп, немелері үшін бақытты балалық шақ сыйлағысы келетінін айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау