Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саңырау қыз құлағы естімейтін күшігіне ым-ишарамен сөйлесуді үйретті

Он жасар Джулия мен оның сүйікті күшігі Уолтер саңырау болып туған. Бұл екеуін байланыстыратын ортақ нәрсе бар деген сөз.

1467974819_eta-devochka-i-ee-schenok-oba-rodilis-gluhimi-teper-ona-uchit-ego-yazyku-zhestov

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Pasadena Humane Society & SPCA Калифорниядағы құрылған жануарлардың жағдайын жасайтын қайырымдылық ұйымы. Олар өз жұмыстары аясында күшіктерге үй іздеп, жағдай жасауға атсалысады.

1467974899_eta-devochka-i-ee-schenok-oba-rodilis-gluhimi-teper-ona-uchit-ego-yazyku-zhestov-1

Жуырда ғана аталмыш қайырымдылық ұйымы Уолтер есімді кішкентай күшіктің Джулия атты қыз тұратын үйге орналасқандығын хабарлады. Күшікті көрген қыздың анасы бұл Джулия үшін тамаша мүмкіндік боларын сезген. Өйткені, екеуі де саңырау болып туған.

“Ол екеуінің бір-біріне қалай қарағанын көрдім. Сол кезде мен Уолтердің де біздің отбасының мүшесі болуы керектігін айтпай түсіндім”, – дейді анасы.

Қыз да көп уақыт жоғалтпай итті ыммен тілдесуге үйрете бастаған. Қазір Уолтер “Отыр”, “су іш”, “тамақ же” деген ишараларды түсінеді.

Талқылау