Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәннен қалғысы келмеген бойжеткендер көз алмасына әшекей бұйым таға бастады (фото, видео)

Нью-Йорктік дәрігер бойжеткеннің көз алмасына платинадан жасалған әшекейді хирургиялық жолмен салып жатқан сәтінің видеосын жариялады. Жүрек пішініндегі металл әшекейдің көлемі – 3-4 миллиметр. Десе де дәрігер Эмиль Чиннің сөзінше, 5 минутқа созылатын процедура кезінде пациент ауруды сезбейді екен.

Сәннен қалғысы келмеген бойжеткендер көз алмасына әшекей бұйым таға бастады (фото, видео)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, қалыңдығы 1 миллиметр болатын әшекейді көзіне салған пациент 3 күннен кейін оны сезбейтін болады. Себебі әшекей бұйым әбден тегістеліп, өңделген және көз алмасының пішініне сәйкес бүгіліп жасалған.

Сәннен қалғысы келмеген бойжеткендер көз алмасына әшекей бұйым таға бастады (фото, видео)

Сонымен қатар әшекей бұйым аллергиялық реакция туғызбайтын көрінеді. Оны көзден қайта алып тастау да оңай. Бұл процедура 10 жылдан аса уақыт бұрын Голландияда ойлап табылған.

«Бұл косметикалық ота. Бүкіл АҚШ көлемінде тек 2-3 адам осындай процедураны жасатты. Ол көп сұранысқа ие емес. Мұндай отаны шамамен жылына бір рет жасаймын», – дейді Эмиль Чинна.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар алғаш рет екі жәндіктің жадысын бір-біріне ауыстырды

Ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәби: Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды

Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады

Киім түстері де әр түрлі дертті емдеп жазады

Талқылау