Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санкт-Петербургте тұратын Димаштың “егізі” әншімен кездескісі келетінін айтты (фото, видео)

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Димаш Құдайбергеновтен аумайтын бір жігіт тұрады. Аты-жөні Джулиан Маккей. Ол да шығармашылықтан алшақ емес.

ымымым

Бұл туралы 31 арна жаңалықтар қызметі хабарлады.

Атақты Михайлов театрының сахнасында өнер көрсетіп жүрген танымал балет солисті.

Бұл жігіт – Америкадағы Монтана штатының тумасы. Бүгінде ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Михайлов театрының сахнасында өнер көрсетіп жүр. Репертуарында онға жуық қойылым бар. Халықаралық балет конкурстарының лауреаты әрі әлеуметтік желідегі ең тартымды жігіттердің бірі. Сымбаты келіскен театр солисінің түр-әлпетін көпшілік өзіміздің Димаш Құдайбергеновтен аумай қалған деп жүр. Тіпті 19 жастағы жігіттің дене бітімінен, шаш үлгісі мен өзін-өзі ұстауынан жанкүйерлер ұқсастық тапқан. Бұл жайтты Джулиан Маккейдің өзі де мойындап тұр.

v-rossii-nashelsya-dvojnik-dimasha-kudabergenova-35727-3

“Ия, менің ойымша сыртқы түр-сипатымызда ұқсастық бар сияқты. Бірақ Димашты өзіме толық ұқсайды деп айта алмаймын. Себебі біз түрлі салада қызмет атқарамыз. Сонымен қатар шығармашылық адамдарда өзіндік ұқсастық болатыны рас”, – дейді Джулиан Маккей.

Опера мен балет егіз ұғым екенін ескерген Джулиан Димашпен кездессем “Өнердегі классикалық дәстүрді қалай сақтап қалуға болады?” деген тақырып төңірегінде әңгіме қозғар едім дейді. Ал әзірше оларды мыңдаған шақырымдар ажыратып тұр. Әр қайсысының бөлек арманы, діттеген мақсаты мен жеке тыңдарманы мен көрермені бар.

“Мен Димашпен аз таныспын. Тек фанаттарым арқылы ғана сырттай білемін. Олар маған Димаштың ән байқауында өнер көрсетіп тұрған бейне таспаларын жиі жібереді. Көргенім көңілімнен шықты, өте тамаша деп бағалар едім”, – дейді ол.

Instagram әлеуметтік желісіне дайындықтарын жиі жариялайтын театр солисінің 50 мыңға жуық жазылушысы бар.

660x660_Quality100_ab4e350689ec52399a25b61dd511b534

Жеке шығармашылығынан бөлек ол өзін сәндік өнерде де сынап, журналдарға шығып жүр. Расымен де Джулиан Димаштың еуропалық сыңары екендігіне сол суреттердің арқасында көз жеткізуге болады.

Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының ақтық бәсекесін 15 сәуір күні Астана уақытымен 20:00 (жергілікті уақыт 22:00) де тікелей эфирде көрсетеді. Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «Earth song» және «Dangerous» әндерін шырқайды.

Оқи отырыңыз:

Оқи отырыңыз:

Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)

Ернар Айдар есін жиды

Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)

Елімізде “Ninety one” тобының қыздарша нұсқасы пайда болды

Талқылау