Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санитар дәрігерлер: Алматы фонтандарында аса қауіпті жұқпалы аурулар тудыратын бактериялар болуы мүмкін

Санитар дәрігерлер қазақстандықтарды қаладағы субұрқақтарда шомылмауға шақырады! Олардың бұлай деп дабыл қағу себебі, апта сайын тексерулер үшін алынып жүрген су үлгілеріне байланысты болып отыр. Субұрқақта шомылғандар, тек тұмауратып қана қоймай, сонымен қатар менингит, гематит секілді аса қауіпті ауруларды жұқтырып алуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

 Санитар дәрігерлер: Алматы фонтандарында аса қауіпті жұқпалы аурулар тудыратын бактериялар болуы мүмкін

Бірақ, қазақстандықтарға қаншалықты ескерту жасалғанымен, олар бұл кеңеске аса құлақ асып отырған жоқ.

Алматылық Дана Әбікен екі баласын дүние әкелгеннен бері, Алматы фонтандарының маңында серуендеуін мүлдем қойған. Ол субұрқақтардың қауіпті екеніне және көшедегі ашық бассейндерде де қауіпті инфекциялардың өріп жүргеніне сенімді.

“Көпшілігі менингикокк инфекциясы осындай ашық бассейндерде болады деп жатады. Олардың қаншалықты лас және ішіндегі судың жасыл екенін көріп жүрген шығарсыздар. Фонтанда су ағып тұрғанымен, бірақ тазартылмаған. Сонымен қатар, адамдар оған кейде қоқыс лақтырып жатады, ал құстар сол фонтаннан суды ішеді”,- дейді Дана Әбікен.

Дана судың түсінен ғана емес, қаладағы субұрқақтардан жиі шығатын жағымсыз иістен үрейленеді. Апта сайын жүргізілетін тазалау жұмыстары мен дезинфекциялау құм мен қоқыстардан арылуға көмектеспейді. Санитар дәрігерлер бірнеше апта бойы қазақстандықтарға осындай фонтандарда шомылмауға ескерту жасап келеді.

“Онда ішек инфекциясы, полиомиелит, А гепатиті сияқты вирустар болуы мүмкін. Әрине, мұндай фонтандарда менингиттің де болуы ықтимал. Себебі, фонтаннан су ішетін құстар түнде оған түсіп кетіп жатады. Сондай-ақ, адамдар оған қоқыс тастап, ластайды, ал сол суды жұтып біреу жұтып қойса, әртүрлі инфекцияларды жұқтырып алуы мүмкін”,-дейді Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнел Мұсаева.

Фонтандардағы ықтимал инфекциялар туралы ескерту қала тұрғындарын, әсіресе балаларды тоқтатар емес. Олар шомылуға тыйым салу туралы жазылған ескертулерді мүлде елемейді. Бірақ субұрқақтар жұқпалы аурулармен ғана емес, оның ішіндегі барлық техникалық жабдықтарымен де қауіпті. Құбырлар, шамдар, өткір металл конструкциялар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Алматыда 45 ашық қалалық субұрқақтар жұмыс істейді. Мамандар суды әр 10 күн сайын тексеріп жатады. Олар бұл процедураны бес ай бойы жүргізеді. Дәрігерлер фонтаннан қауіпті жұқпалар немесе вирустар табылған жағдайда субұрқақтардың жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау