Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сангар бұғазын жүзіп өткен 73 жастағы жапондық әлемдік рекорд орнатты

Хиросималық қария Цугараны (Сангар бұғазы) жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. 73 жастағы Тошио Томинага 30 шақырымды 10 сағатта жүзіп өтіп, мұндай қашықтықты бағындырған ең кәрі адам атанды.

article-doc-fx5pt-51bCj80hVn19db279f1176aa6d31-558_634x475

Фото: dailymail.co.uk

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сангар бұғазы Жапонияның Хонсю және Хоккайдо аралдары арасында орналасқан және Жапон теңізі мен Тынық мұхитының арасын жалғап тұр. Томинага жергілікті уақытпен таңғы 05:30-да Цугару түбегінен жүзуді бастады және 15:30-да Хоккайдо аралындағы Фукусима қаласының жағалауына жетті.

Қарт жапондықтың 67 жастағы әйелі Юкико кеме арқылы күйеуінің соңынан жүзіп отырды және өзге де жанкүйерлермен бірге қолдау білдірді. Томинага – ашық судағы өте тәжірибелі жүзгіш. 2009 жылы жапондық Түркиядағы Босфор бұғазын жүзіп өткен. Мұндай қашықтықтағы алдыңғы рекорд 56 жастағы мексикандыққа тиесілі еді.

2008 жылдан бері Сангар бұғазын жүзіп өтуге 50 талпыныс жасалды. Ең алғаш Сангар бұғазын 1990 жылы америкалық Дэвид Юдовин жүзіп өтті.

Талқылау