Сәнді хиджабтар: Қазақстанда хиджабқа деген сұраныс қандай?

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 16:15

Тізе бүгіп намаз оқыған қыздардың хиджабқа деген сұранысы артып келе жатқанын тек Алматы қаласынан емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен байқауға болады. Кейбір сәнгер хиджаб тігуді бизнеске айналдырып үлгерген. Осыған орай, еліміздегі аталған киімге деген сұраныстың деңгейін Stan.kz анықтап көрді.

9

Сурет: bbc.com

Батыс сәнгерлері мұсылман қыздарының киіну мәнеріне қызығып, тіпті, 2014 жылы DKNY Ramadan атты топтамасын шығарған болатын. Бұдан өзге сәнгерлер де аталған сән үлгісіне мән беріп,  Tommy Hilfiger, Mango, Uniqlo сынды әйгілі брендтер осыған ұқсас топтамаларын ұсынды. Актриса, тележүргізуші, сән әлемінің патшайымы 26 жастағы Ноор Нилофа Мохд та мұсылман қыздарға арнап киім тігеді. Оның компаниясы Малайзияға кеңінен танылған. Дәл қазір Нилофаның Твиттерде 1,4 миллион, ал Фейсбукте 2,2 миллион фолловері бар.

Малайзия халқының 60%-ы ислам дінін ұстанады. Аталған сән үлгісі тек Малайзияда ғана емес, өзге мемлекеттерде де қарқынды түрде дамып келеді.

12

Бұл сегментті 2014 жылы 230 млрд. долларға бағалаған болатын, ал 2020 жылы 327 млрд. долларға жетуі мүмкін деген болжам бар. Naelofar дүкеніндегі ең қымбат орамалдың бағасы 100 ринггитті құрайды. Бұл – 24 АҚШ доллары. Аталған дүкен 2015 жылы 50 миллион ринггит, яғни 11,8 миллион доллар табыс тапқан. Шындығында, Ноордың отбасы табыс бұдан екі есе аз болады деп күткен. Бақтарына орай, кәсіптері жақсы жүріп, сұраныс көбейеді. Компанияның мемлекет ішінде 700 дистрибьютері бар. Мұнымен қатар, онлайн-сату жүйесі арқылы тауарларын Сингапурде, Лондонда, Аустралияда, Нидерландыда және АҚШ-та сатып жатыр.

“Біз қатты таңғалып отырмыз. Мұндай реакцияны көрген кезде не істерімізді білмей қалдық”, – дейді Нилофаның 30 жастағы Ноор Набила есімді әпкесі сұраныстың күрт көбейгенін білген кезде. Ол Naelofar брендінің жұмысын бақылайтын NH Prima International компаниясының атқарушы директоры.

Ислам сәнінің дизайнін ойластыру Кеңесінің мүшесі Алия Хан аталған сәнге сұраныстың өте жоғары екенін айтты. Сөзіне сенсек, Кеңесте үштен бір бөлігі сәнгерлер болып келетін 40 елден 5 мың адам бар екен.

Аустралиялық блогер әрі сәнгер Зульфие Туфа барлық қыздың сәнге құмар екенін, олар дәл сол уақыттағы сән үлгісіне сай киім сатып ала алмаса да, трендке сай киінгісі келетіндігін айтты.

Түркияда мұсылман сәні кеңінен етек жайған. Индонезия да әлемдік нарыққа шығуды көздейтіндіктен, сауда-саттығы қарқынды түрде дамып келеді.

10

Парижде білім алған Диан Пеланги де осы сәннің дамуына үлес қосып жүрген сәнгер. Оның Инстаграм желісінде 2,5 миллион фолловері бар. “Business of  Fashion” британ журналы оны сән әлеміне үлес қосып жүрген 500 беделді адамның қатарына қосты. Индонезияда 14 дүкені бар ару жақында Малайзияда жаңа бір дүкен ашты.

4

image

Соңғы кезде елімізде хиджаб киетін мұсылман қыздардың қатары күн санап өсіп келеді. Бұл – аталған сән үлгісінің тек шетелде емес, біздің де елімізде белең алып келе жатқандығының белгісі. Хиджабқа деген сұраныс қыздардың түбегейлі ислам дінін қабылдауымен байланысты болса керек. Осыған орай, мұсылман қыздарға арнап киім тігетін отандық сәнгерлерден сұхбат алып, хиджабтың қаншалықты сұранысқа ие болып жатқанын білдік.

5

Алматылық  24 жастағы Мұхтарова Айгерім Серікқызы сәнгерлікпен көп жыл бойы айналысып келеді. Одан хиджаб тігетін кезде қай елдің үлгілерін пайдаланатындығы туралы сұрағанымызда: “Өзгелер секілді араб үлгілеріне онша мән бермейміз. Көбінесе түріктердікіне зейін қойып, оларды қазақы ою-өрнектермен әрлейміз. Бірнеше сәнгер қатар отырып, идеяларымызды ұсынамыз. Артынша бәріміздің атымыздан бір үлгі шығады”, – деп мүмкіндігінше күнделікті тұрмысқа ыңғайлы киімдер тігуге тырысатындықтарын айтты. Айгерім ханым “Aisha” дүкеніндегі киімдердің эскиздерін өзі ойлап тауып, артынша Түркия мен Қытайдан алдырған маталардан тігеді екен. Киімдер 5 500 теңгеден басталып, 8 500 теңгеге дейін барады. Мұнымен қатар, бойжеткен той киімдерінің сұранысы өте аз екенін айтып өтті. Бұл дағдарыспен байланысты болса керек. Доллардың өсуіне байланысты киімдердің бағалары да қымбаттаған екен.

6

7

Ал келесі алматылық сәнгер қызымыз – Қасымова Алинұр Мұхаммедқызы. Аталған кәсіп түрімен 2012 жылдан бастап айналысып келеді. Дәл қазір небәрі 21 жаста болса да, “Жемчужина Востока” атты бутигі бар. Алғашында Қырғыз елінен заттар әкеліп, соларды сатқан екен. Кейін қазақ қыздарының тек отандық өнімдерді алғысы келетіндігін, сапаға баса назар аударатындығын байқаған. Осыдан кейін хиджабтарды өзі тіге бастаған. Алинұр Мұхаммедқызынан хиджабтың қандай үлгілерін тігетіндігі туралы сұрағанымызда: “ Хиджабты сәнге еліктеп киюдің қажеті жоқ. Аталған киімге қарапайымдылық, ибалылық тән. Сондықтан сәнге көп назар аудармаймыз, оның барынша “ережеге” сай болғанын қалаймыз. Тігу үшін Корей және Дубай маталарын тұтынамыз. Кейде хиджаб кимесе де, жабық киім кигісі келетін қыздар келген кезде қатты қуанамын. Олар көбінесе етегі мен жеңі ұзын киімдер таңдайды”, – деп тігетін үлгілерінің барынша қарапайым болатындығын айтты. Мұнымен қатар, Исламда “дағдарыс” деген сөз жоқ екенін де тілге тиек етті. Доллар құны өссе де, киімдерін қымбаттатпаған. Бағалары 5 500 теңгеден басталып, 11 мыңға дейін барады.

8

Келесі сәнгеріміз Аягөз Адамбаеваның жасы 31-де. Ол кісі аталған бизнес түрімен енді ғана айналыса бастаған. Әзірге 5-6 үлгі ғана тігіп үлгерген.

Отандық сәнгерлердің сөзіне сенсек, хиджабқа деген сұраныс бұдан кейін өспесе, төмендейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар