Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самұрық-Қазына топ-менеджерлері бір жылда қанша ақша тапты

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры топ-менеджерлердің 2016 жыл ішінде қанша қаражат тапқанын жариялады.

1021753

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Самұрық-Қазына” қоры және оның еншілес компанияларын басқарушы қызметкерлерге төленген сыйақының жалпы сомасы былтырғы жыл бойынша 7,182 миллиард теңгені құрады.

Бұл қомақты сомаға жалақылар, сыйақылар мен басқа да шығындар кіреді. “Самұрық-Қазынаның” негізгі басқару персоналына 923 миллион теңге төленген. Оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері 630 миллион теңге алған. Қор басқармасы мүшелеріне 293 миллион теңге төленіпті.

“Самұрық-Қазынананың” директорлар кеңесіне 8 адам кіреді. Олар: Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, президенттің көмекшісі Әлихан Смайылов, “Самұрық-Қазынаның” басшысы Өмірзақ Шөкеев және үш тәуелсіз директор — Барон Оливье Дэкамп, Ричард Эванс и Александр Мирчев.

Директорлар кеңесінің құрамына енген үкімет мүшелері “Мемлекеттік қызмет туралы” заңына сәйкес ешқандай сыйақы мен өтемақы алмайды, деп атап өтілген хабарламада. 630 миллион теңге сыйақыны үш шетелдік басқарушы ғана алды.

“Самұрық-Қазына” басқарамасы мүшелері — Шөкеевті қоса айтқанда, алты адам 2016 жылы 293 миллион теңге ақша тапты. Орташа есеппен әр басқарушыға 48,8 миллион теңге төленген, бұл айына әрқайсына 4 миллион теңгеден астам төленді деген сөз.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев: Маған президент болуды университетте үйреткен жоқ

Елбасы Мырзатай Жолдасбековке: Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан менің жанымда болдыңыз

Тасмағамбетов Ресейдегі қазақтандық студенттермен тапжылмастан 3 сағат бойы әңгімелесті

Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

Талқылау