Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Самұрық есімді жігіт пен Қазына атты бойжеткен шаңырақ көтерді (фото)

Елімізде Самұрық пен Қазына есімді екі жас шаңырақ көтерді. Қос ғашықтың шақыру билеті ғаламторда тарап кетті.

8c2c0932cf7e5878396e4b8d8a9f95e7

Шақыру билеті Facebook-тегі Made in ауыл парақшасында қызу талқылануда. 

«Самұрық-Қазына» әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын еліміздегі ең ірі әрі ең танымал холдинг. Ал қордың атауымен есімдері дәлме-дәл келген қос ғашықтың отау тіккенін естіген жұрт бұл жайтты қызу талқыға салды. Тіпті, мұның сәйкестік екеніне күмән келтіргендер көп.

Самұрық Ұзақбаев өзінің жары Қазына Төремұратованы 27 жыл іздеген. Үйлену тойы күні кеше, яғни 28 тамызда Атырауда атап өтілген. Самұрық пен Қазына әріптес. Бір жарым жылдан бері бірге жұмыс істейтін жастардың қыз-жігіт болып жүргендеріне жарты жыл болған.

photo_193409

“Менің есімімді Қазына деп әжем, ал күйеуімнің есімін атасы қойған. Құжатта оның есімі – Самрух, ал менікі Казина деп кеткен”, – дейді жас келін.

«Самұрық-Қазына» қоры жаңадан отау тіккен екі жасты құттықтады.

«Мынадай символикалық есімдерге ие жастар күн сайын шаңырақ көтермейді. Самұрық пен Қазынаға үлгілі отбасы және елге үлгі боларлықтай балалардың ата-анасы болуды жазсын. Екі жасқа ұзақ әрі бақытты ғұмыр тілейміз», – дейді қордың ішкі және сыртқы коммуникациялар бойынша департаментінің директоры.

Белгілі спорт сарапшысы Рауан Оқас өз парақшасында: «Самұрық пен Қазына шаңырақ көтеріпті. 2017 жылы балаларының есімін Экспо немесе Универсиада деп қойсын!» – деп қалжыңдады.

14080010_1105203366237893_4606300585226569978_n

Жіберіп алмаңыз: 

“Самұрық-Қазына” доллар бағамының қаншаға жетіп тоқтайтынын айтты

“Самұрық-Қазына” ҰҚ жаңа басқару үлгісіне көшпек

Анасы Ернар Айдарды биылдан қалдырмай үйлендірмек

Ділназ Ахмадиеваның әнші ағасы үйленді

Талқылау