Samsung-тың топ-менеджерлері Galaxy Note 7 үшін тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 17:26

Оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясының өкілдері Қытайдағы іс-шара кезінде Galaxy Note 7-ге байланысты дауға қарамастан өздерімен серіктестіктерін үзбеген қызметтестеріне алғыс білдірді.

2016-11-07_13-21-47_212029

Компанияның 20-ға жуық топ-менеджері сахнаға шығып, тізерлеп тұрып өздерінің ризашылықтарын білдіріп, бір жағынан кешірім сұраған.

Компания өздерінің бұл әрекеттерін, корей мәдениеті бойынша тізерлер тұру “мойындау және құрмет” деген ұғымды білдіреді деп түсіндірген. Ал Қытайда бұлайша тек діни шаралар кезінде және өте сирек жағдайда тұратындықтан, кәрістердің бұл істеріне қатты таңқалған.

Еске сала кетсек, Galaxy Note 7 төңірегінде туындаған дау компания үшін қып-қызыл шығынға алып келген еді. Құрылғылар бірнеше мәрте жарылып кету деректері тіркелгеннен кейін нарықтан қайтарып алынған. Компания бұл моделдердің өндірісін тоқтатты, ал сатып алушылар болса өтемақы алып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Пингвиндердің қанды қырғыны желі қолданушыларын шошытты (видео)

Компьютердегі жұмысыңызды жеңілдететін пернетақтадағы 7 әдіс

Тест. Қазақстанда өмір сүру ережелері – сіз оларды білесіз бе?

Атырауда ер жігіттің жағасынан алған бойжеткен оңбай таяқ жеді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар