Самат Смақов “Ордабасыға” ауысты

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 13:06

Бүгін, 4 тамызда жартылай қорғаушы Самат Смақов маусым соңына дейінгі мерзімге “Ордабасымен” келісімшартқа қол қойды.

be0474a6ee56cae0edbfecef2fb4e302

Фото: readfootball.com

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Самат Смақов бұған дейін “Ақтөбе” футбол командасы сапында ойнаған. Әзірге футболшының батыстық клуб сапынан неліктен кеткені нақты белгісіз. Әлеуметтік желіде оның клуб директорымен келіспей қалғаны айтылуда.

Ал еліміздегі трансферлік терезе 5 шілдеде жабылған болатын. Соған қарамастан ұлттық құраманың капитаны жаңа командаға ауысып отыр.

Бұл маусымда Смақов “Ақтөбе” қатарында 13 матчқа (12-сі ҚПЛ және біреуі Қазақстан кубогы) қатысты. “Ақтөбе” капитанының еншісінде бес гол бар. Оның біреуі пенальтиден соғылған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар