Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қозғалыс шектелді

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 16:06

Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қаланың орталық бөлігінде бірқатар жолдар жабылды, сондай-ақ, кейбір нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

12817726

Дереккөздің хабарлауынша, қалада құқық қорғау органдарының саны едәуір артқан. Орталықта қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шахи Зинда кешенінде белсенді құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығы белгілі.

Бұдан бөлек жұма күні Ташкент-Самарқан бағытындағы “Афросиаб” жүрдек пойызының қозғалысы тоқтатылған. Ал түнде Самарқан маңынан әуежайға қарай үш ұшақ ұшқан. Өзбекстан президенті Ислам Каримов Самарқан тумасы. Дереккөздің сөзіне қарағанда, көпшілік өзбекстандық ұлттық теледидар арқылы хабарларды бақылап отыр. Барлығы жұма намазынан кейін ел президентінің денсаулық жағдайы туралы ресми хабарлама жасалады деп күтуде.

Бұған дейін Өзбекстанның Бұқаралық Ақпарат Құралдарында өзбек басшысының қайтыс болғаны туралы ақпараттар екінші рет қайтара жарияланып, тіпті жерлеу рәсіміне дайындық барысынан суреттер де жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді. 

Бұған дейін Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды

Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған

Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар