Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ киносына түсу – менің арманым еді. Самал Еслямова жаңа телехикаяға түсіп жатыр

Самал Еслямова алдағы күз айында телеэкраннан көрсетілетін «Батырлар жолы» телехикаясына түсіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы актрисаның өзі парақшасында жазды.

“Қазақ киносына түсу менің арманы еді. Осы жоба жайлы естіген соң, суреттерімді жіберген едім. Мені шақыртты. Режиссер нақты тапсырма береді, соны орындайсың. Сол жағы өте ыңғайлы. Қазақ туындысы көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын”, – дейді Самал Еслямова.

Телехикаяның режиссері Асқар Ұзабаев Самал Еслямованың Қарасай батырдың анасын сомдайтынын айтты. Актриса хикаяның алғашқы бөлімінде рөл ойнайды.

“Фильмде Қарасай батырдың анасының аяғы ауыр кезі көрсетіледі. Өмірге Қарасай батыр келген соң, анасын жоңғарлар өлтіріп кетеді. Алайда батыр анасын еске алып тұрады. Сол себепті актрисаның рөлі фильм желісінде үнемі көрсетіледі. Тарихта Қарасай батырдың анасының көріпкел болғаны, ол қасиеті ұлына да берілгені айтылған. Фильмде соны көрсетуге тырыстық”, – дейді режиссер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл жоба бойынша фильмдер XVII ғасырдағы тарихи оқиғалар желісінде түсіріледі. Ру-тайпалардың тартысы, Қарасай батыр, Ағынтай мен Таймас батырлардың ерлігі баяндалады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау