Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін екі жыл ақша жинаса жеткілікті – зерттеу

Депозиттің 10,5% мөлшерлемесімен жас отбасы салынып жатқан үйден пәтердің алғашқы жарнасын 25 ай уақыт шамасында жинай алады. Ranking.kz зерттеуі осындай қорытынды шығарды.

Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін екі жыл ақша жинаса жеткілікті – зерттеу

Зерттеудің мәліметтеріне сүйенсек, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-дағы бағдарлама бойынша ірі қалалар арасында алғашқы жарнаны ең тез, яғни 16 айда Орал қаласының жас отбасылары, ал, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қызылорда мен Тараз қаласындағы жастар 17 айда жинап үлгереді екен.

Айта кетейік, үлескерлік құрылысқа қатысу арқылы ойға қонымды бағада пәтер алуға болады. Ал, үлескерлерді сақтандырып, үй құрылысының уақытында аяқталатынына кепіл болатын тарап – «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ. Бұл қор үш жақты тиімді әрі үш тараптың да мүддесін сақтандыра алатын тұрғын үй нарығындағы оператор.

Қор өз үлескерлеріне үйді салып жатқан компания форс-мажор жағдайларға тап болса, құрылысты өз қаржысына аяқтайтынына кепіл береді. Ал, несие беретін банктерге қор үлескерлердің салынып жатқан үйге несие төлейтініне және қажет болса, банктерге несие сомасын қайтарып беретініне кепіл болады. Сондай-ақ, құрылыс салушы үшін қор үлескерлердің қаражатына жол ашып, құрылысты қаржыландыру құнын төмендетеді және құрылыс бастала сала, баспананы сатуға мүмкіндік береді.

Салынып жатқан үйлердегі пәтер бағалары пайдалануға берілген үйлердің бағасынан қарағанда 20% төмен; яғни, үлескерлік құрылысқа қатысуға дайын қазақстандықтар үшін «бір шаршы метрдің» құны 212,3 мың теңгені, ал, бір бөлмелі пәтердің бағасы – 7,5 млн теңгені құрамақ.

Қордың арқасында арзан пәтер ғана емес, баспана құнының 30% бар болса, қордың серіктес банктері арқылы ипотека да алуға болады. Яғни, стандартты бір бөлмелі пәтер алу үшін шамамен 2,3 млн теңге көлемінде алғашқы жарна жеткілікті болады.

Бұдан өзге, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ мен Тұрғын үй жинақ банкінің бірлескен жұмысының арқасында да ыңғайлы жолмен пәтер салып алуға болады: құрылыс салушы қордың кепілдігін алып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімшарт жасасады, ал, банк өз салымшыларына құрылыс аяқталмай тұрып қосымша кепілсіз арзан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда, мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтер алудың өзге жолдарынан бөлек, сатып алушыға баспанасы бар ма, жоқ па, несиесінің сомасы қандай деген сияқты ешқандай шектеу қойылмайды. Бұл бағдарлама табысы орташа адамдар үшін ғана тиімді емес, жоғары сапалы мүлікке инвестиция құйғысы келетін қазақстандықтар үшін де өте тиімді болмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау