Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық төлемегендер банктік операцияларды жасай ала ма: Қаржы министрлігі жауап берді

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінде 2018 жылдың 1 қазанынан бастап салық төлемегендер банктік операцияларды жасай алмайды дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

 Қаржы министрлігі: Салық төлемегендер банктік операцияларды жасай алмайды
Комитеттің ресми мәлімдемесінде, 1 қазан – жеке тұлғалар үшін жер учаскесімен жеке мүлік салығын төлейтін соңғы күн. Егер салық төленбесе, күнделікті өсімі қосылатын берешегі болады.
Комитет 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, банктер заңды тұлғаға, жеке кәсіпкерге және әлеуметтік төлемдер бойынша салық берешегі бар жеке тұлғаға банк шотын ашудан бас тартады.

Алайда бұл ереже әлеуметтік өтемақы мен жәрдемақы алуға, білім беру бойынша келісімдік ақша аударуға қатысты емес. Осы мақсатта банк есепшот ашудан бас тарта алмайды.

Жеке тұлғалар жеке мүлік салығы, жер салығын 2019 жылдың 1 қазанына дейін, транспорт салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу міндетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау