Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сальвадорда Iron Maiden рок-тобының концертіне билеттер қанмен саудалануда

“Қызыл Крест” Сальвадорда ерекше акция өткізді. Олар британиялық Iron Maiden рок-тобының концертіне VIP-билеттерді қанға сатпақшы болған. Яңни, қан тапсырғандар концертті құрметті қонақтар қатарында тамашалау бақытына ие болмақ.

Title: 'Early Years' DVD Images Artist: Iron Maiden Photographer: Ross Halfin Date: 01 October 2004 Copyright: Iron Maiden Holdings

Сурет telegraph.co.uk

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Хабарландыруды оқыған бірнеше жүздеген фанаттар “Қызыл Крест” ғимаратының алдында кезекке тұрған. Ұйым өкілдерінің айтуынша 150 адам қан тапсырғанынан қарамастан, небәрі 50 билет ғана тегін берілген. Әйтсе де ұйым өкілдері, қан тапсырушылар тек тегін билет алғанына ғана емес, сондай-ақ өзге адамдарға да көмектесе алғанына қуанды дейді.

Iron Maiden рок-тобы 1980 жылдардың бас кезінен танымал бола бастады. Бүгінде топтың өзіндік тыңдармандары мен жанкүйерлері қалыптасқан.

Талқылау