Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаеваның тұңғышы желідегі танымал аспазға айналмақ (видео)

Біздің менталитетімізде ас әзірлеу – әйелдің жұмысы. Десе де, әлемдік үздік аспаздардың ер адамдардан шыққанын білеміз. Әрі үйде қыз бала болмаса, ер баланың тамақ дайындағаны анасы үшін үлкен көмек. Мәселен, үш ұлдың анасы Салтанат Бақаева балаларын қазірден үй шаруасына үйретуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанат Бақаеваның тұңғышы желідегі танымал аспазға айналмақ (видео)

Әнші әрі актриса бұл еңбегінің жемісін де көре бастаған. Олай дейтініміз, Салтанаттың тұңғыш ұлы Әмір бүгінде анасына қолғабыс етіп, түрлі тағамдар дайындай бастаған. Тұңғышының бұл жетістігіне қуанған өнер иесі оның ас әзірлегенін видеоға түсіріп, желідегі оқырмандарымен бөлісуде.

Мәселен, мына видеода Әмір паста тағамын әзірлеген.

Ал келесі бейнежазбада Әмір табада пицца дайындаған. Бұл жолы оған інісі Әділ де көмекке келіпті.

Ұлдары ас үйде анасына көмектескенімен, Бақаеваның жары үй шаруасына араласпайтын көрінеді. Бұл жайында актрисаның өзі:

“Сұрайын дегенім, ең жиі әзірлейтін тағамдарыңыз жайлы жазсаңыздар? Және жолдасыңыз үй жұмысында сіздерге көмектесе ме? Біздің отағасы жиі көмектеседі деп айта алмаймын”, – дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау