Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Салтанат Бақаевамен дауласқан ақынға сүйіктісі жүрегін ұсынды (видео)

Ақын Назерке Семей енді қалыңдық атанбақ. Қаламгерге сүйген жігіті әнші Айқынның концертінде жүрегін ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Салтанат Бақаевамен дауласқан ақынға сүйіктісі жүрегін ұсынды (видео)

Назерке Семей - қазақ сахнасында шырқалып жүрген көптеген әндердің авторы. Ол жазған өлеңдердің ішінде Айқынның қоржынына кеткен туындылар баршылық. Әрі Айқын сүйікті әншісі болғандықтан, жігіті дәл осы Төлепбергеннің концертінде оған ұсыныс жасауға бел буған көрінеді. 

"Назерке Семей "ия" деді. Бұл менің "Күндер өтуде", "Жүрегім ақ", "Ойламауға бола ма" сияқты әндерімнің сөзін жазған жас ақын қыз Назерке Семей. Жігіті Алматыдан Павлодардағы концертке келіп тосын сый жасады", - деп бөлісті қуаныштың куәсі болған Айқын. 

Естеріңізде болса, Назерке Семей "Әгугай құрбым" әні үшін Салтанат Бақаевамен дауласқан еді. Аталған әннің мәтінін жазған ақын ол үшін бір тиын да алмағанын айтып ренжіген болатын. Кейіннен екі жақ келісіп, Бақаева қомақты ақша беріп, әннің заңды иесі атанған болатын. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр